«Алла Тағала бір құлының құрығанын қаласа одан ұятты (ұялу сезімін) шығарып алады. Одан ұят шығарылғанда сен оны Алла Тағала дәргейінде қатты жеккөрілген, Іләһи азапқа душар болған күйде көресің.
Оны солай Алланың құзырында қатты жеккөрілгенін көрген уақытта аманатқа мән беру алынып тасталады. Аманат алынғанда оны адамдар арасында опасыз есептелгенін көресің. Оны солай опасыз саналғанын көрген уақытыңда одан мейірім сезімі алынып тасталады.
Мейірім сезімі шығарылғанда оны (Алланың құзырында) қуылған және лағнеттелген күйде табасың. Оның қуылған және лағнеттелген күйде көрген уақытыңда енді одан Исламмен байланысы алынып тасталады». (Сүнән ибн Мажә).