Еліміз бойынша жүзеге асыруға қолға алынып жатқан «Ауыл-алкагольсыз аймақ» жобасын жүзеге асыруына басты жәрдем әлбетте қасиетті дініміз тарапынан болары хақ. Осыған орай «Ағашорын» ауылдық мешіті ауыл әкімдігі және басқа да тиісті орындармен бірлесіп келелі іс-шара ұйымдастыруға ұйытқы болды.
Шараға ауылдың барлық белсенділері, зиялы қауымдары, сонымен қатар аудандық прокуратура да арнайы келіп қатысты.
Ауыл халқын әртүрлі үлкенді-кішілі той - томалақ, басқа да мейрам-мерекелер қарсаңында алкагольді ішімдікті пайдаланудан толығымен бас тарту, дастарханды дәстүрлі сусын-қымыз, шұбат, басқа да дәмді шырында сусындармен алмастыру, әрбір іс-шараның тәрбиелік бағытына ерекше назар аудару, ол үшін қасиетті дініміздің талаптары, ауыл ақсақалдарының көрсетер үлгі-өнегесі т.с.с келелі мәселелер ортаға салынды.
Алла қабыл етсін!

