«АДАЛДЫҚ ЖӘНЕ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«АДАЛДЫҚ ЖӘНЕ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

542
1 мин
«АДАЛДЫҚ ЖӘНЕ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2026 жылғы 19 қараша күні Павлодар қаласындағы Әбу Бәкір Сыддық медресе-колледжінде студенттермен «Адалдық және рухани құндылықтар» тақырыбында мазмұнды кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Павлодар облысы бойынша Жастар ісі секторының меңгерушісі қатысып, білім алушы жастармен рухани тәрбие, адамгершілік қасиеттер және болашақ діни қызметкерлердің қоғам алдындағы жауапкершілігі жөнінде пікір алмасты.

Жиын барысында жастармен алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыстар мен жоспарлар таныстырылып, түрлі тәрбиелік, танымдық және рухани бағыттағы іс-шараларды бірлесе ұйымдастыру мәселелері қозғалды.

Сонымен қатар медресе-колледждің бітіруші түлектеріне болашақ қызметтеріне қатысты маңызды ойлар айтылды. Атап айтқанда, мешіттерде қызмет ету – тек діни білімді жеткізу ғана емес, халықтың сеніміне ие болу, қоғамға үлгі көрсету, ізгілік пен бірлікті насихаттау сияқты үлкен жауапкершілікті талап ететіндігі атап өтілді.

7d602c9b-ccf5-4408-8ea7-99e387f26876.jpeg

24914c74-d828-415d-be21-add99e2ddb16.jpeg

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс