БҰЛ – АЛЛАМЕН БОЛҒАН БІРЛІК

БҰЛ – АЛЛАМЕН БОЛҒАН БІРЛІК

153
2 мин
БҰЛ – АЛЛАМЕН БОЛҒАН БІРЛІК

Кейбір хакімдер: «Рух – мәңгі», – дейді.

Ал кейбір ғалымдар: «Ол жан иесі дүниеге келгеннен кейін пайда болған, болмысы соңынан ашылған», – деп пайымдайды.

Рухтардың алғашқы табысуынан бері талай уақыт өтті. Рухтар – тәртіпке түскен тылсым әскер секілді. Алайда олардың бірлігі әртекті: шарапханалардың тұрақты меймандарын да бір күш біріктіреді, азғындыққа бой алдырғандардың да өзінше бірлігі бар. Бірақ мен айтып отырған бірлік – рухтың, мәннің бірлігі. Алла бәрін қамтыған ілім иесі.

Бұл – Алламен болған бірлік. Шындығында, Алла – тақуалармен және ізгі амал қылғандармен бірге [16:128]. Сондай-ақ: «Алла – бізбен бірге» [9:40]. Егер жаратылыстың бастауында татардың рухы (алыс, туыс емес рух –ЛҚ) осы тылсым бірлікте бізге жақын болғанда, бүгінде де ол бізге, сондай-ақ Имадқа (сұхбатта отырған шәкірттердің бірі – ЛҚ) жақын болар еді.

Сол шақта Құдай (т.) бірлігіндегі рухтарға үн қатты: «Мен су мен балшықтан өз Халифамды жаратамын. Ал сендерді сол су мен балшықтың дүниесінде оның ұрпағы етемін».

Олар жауап берді: «Уа, Раббымыз, бізге Сенің жаныңдағы осы бірлік әлемі – тынығу мен рақат әлемі. Біз одан алыстап, жан-жаққа бытырап кетеміз бе деп қорқамыз».

Сонда Ол былай деді: «Мен сендердің бұл сөздерді қарсылықтан не құрметсіздіктен айтпағандарыңды білемін. Сондықтан Мені пана тұтыңдар; осы бірліктеріңнің бытырап, шашылып кетуінен сақтаныңдар. Біліңдер: Менің күшім – кемел, қуатым – мінсіз. Сырт киімдерің мен жамылғыларыңның ішінде-ақ сендерді қайта табыстырып, бір-біріңмен таныстырып, жүректеріңді жақындатамын». (703–704)

Шамси Тебризи

Аударған Ләйлі Құндақбай

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс