ҚҰРБАН АЙТҚА БАЙЛАНЫСТЫ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ӨТТІ

ҚҰРБАН АЙТҚА БАЙЛАНЫСТЫ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ӨТТІ

1
2 мин
ҚҰРБАН АЙТҚА БАЙЛАНЫСТЫ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ӨТТІ

Павлодарда Құрбан айтқа байланысты баспасөз мәслихаты өтті. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы: «Құрбан айт биыл 27- мамырда басталатынын, Айт намазы облыс бойынша осы күні таңғы сағат 6.00да оқылатынын, Павлодар қаласы бойынша құрбан шалу орны жылдағы дәстүр бойынша қала шетіндегі – «Құлагер» атшабарында жүрілетінін» айтты.

Құрбандық шалу рәсімін қала бойынша ұйымдастыруға ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Павлодар өкілдігі бойынша жауапты мамандар санитарлық талапқа сай жұмыс жасап, бекітілген тәртіп бойынша атқаратын болады. 

Кәсіпкер азаматтар ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының үндеуіне қолдап, мал құнын қолдан көтермей оңтайлы баға ұсыну, тұрақты тұтынатын азық-түлікке мүмкіндігінше жеңілдік жасау, ұлттық киімдерімізді киіп, айт мерекесін дәстүрімізге сай ұлттық нақыштармен өткізу, Құрбан шалу барысында тазалыққа көңіл бөлу, заңға бағыну тәртіпке бағынып, ысырапшылдыққа жол бермеу  керектігін ескертті.

Сондай-ақ qurban.muftyat.kz сайты арқылы жүзеге асатын онлайн және офлайн құрбан шалуды үйлестіру мәселелері кеңінен түсіндірді.

 «Құрбан айт – ұлық мереке» тақырыбында қала, аудан мешіттерінің ауласында мүмкіндігіне қарай сауапт шаралар ұйымдастырылады.

Алланың рақым нұры төгілетін берекелі сәттерде халыққа жақсылық жасап, көпшіліктің ризашылығына бөленуді жазсын!

2.jpeg

3.jpeg

 

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс