ТІЛГЕ ИЕ БОЛУ - ОТБАСЫ БЕРЕКЕСІНІҢ БАСЫ

ТІЛГЕ ИЕ БОЛУ - ОТБАСЫ БЕРЕКЕСІНІҢ БАСЫ

1
2 мин
ТІЛГЕ ИЕ БОЛУ - ОТБАСЫ БЕРЕКЕСІНІҢ БАСЫ

Көп жағдайда ерлі-зайыптылардың арасындағы кикілжіңнің түп-төркіні мәселенің өзінде емес, сол мәселені қалай сөйлесіп, қалай шешеміз дегенде жатады.

-Тіпті ойламастан болса да, ашуға ерік беріп, дауысты көтеріп жіберу.

- Өткен-кеткенді қозғап, ескі жараның аузын қайта ашу.

- «Мен ғана дұрыс айттым» деп, бір-бірінен үстем түсуге тырысу. Негізінде, екеуінің де тағдыры — бір, шаңырағы — ортақ.

-Әр реніш сайын «ажырасамын» деп қорқыту — отбасы арасындағы сенімді әлсірететін нәрсе.

- Бір-бірінің қадірін кетіріп сөйлеу, сөзін келеке қылу.

- Қарсы жақтың дұрыс пікірін де мойындамай, сөзін бөліп, айқайға басу.

Міне, талай шаңырақтың шайқалып, талай отбасының ойран болуына себеп болып жүрген нәрселер — осылар.

Шын мәнінде, мәселе — мәселенің өзінде емес, оны қалай көтеріп, қалай шешуде.

Сондықтан өзіме де, барша ағайынға да айтарым мынау:

-Ұрыс-керіс шыға қалса, ер азаматтың сабырға келіп, ашумен айтылар ауыр сөзді ішіне жұтып, сыртқа шығып кеткені — абзал.

-Әйел адамның да отбасының тыныштығы мен өзінің қадірі үшін тіліне ие болғаны — дұрыс.

-Бір-бірінің сөзін бөлмей, ойын толық айтуына мүмкіндік берген жөн.

- «Біздің тағдырымыз — бір, балалар бізге қарап өсіп келеді» деген ойдың әрдайым көңілде тұрғаны — маңызды. Сол себепті болмашы ашуға ермей, парасатпен әрекет еткен дұрыс.

-Ер адам әйелінің өзіне Алланың аманаты екенін ұмытпағаны жөн. Ал әйел адамның ерінің алдындағы ізет пен сыйды сақтай білгені — жарасымды.

Соңында_айтарым:

Кейде ашумен айтылған бір ауыз ауыр сөздің өзі бір әулеттің шаңырағын шайқалтып, жүрекке өмірлік жара салуы мүмкін.

Сондықтан реніш үстінде де ауыздан жақсы сөздің шыққаны жөн. Өйткені тілге ие болу — отбасы берекесінің басы.

 

Abdulakhad Smanov

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс