ЗАЛЫМНЫҢ ДӘУЛЕТІ ӘУЛЕТІНЕ ДАРЫМАС (Арам пиғыл, жаман мінез туралы мақал-мәтелдер)

ЗАЛЫМНЫҢ ДӘУЛЕТІ ӘУЛЕТІНЕ ДАРЫМАС (Арам пиғыл, жаман мінез туралы мақал-мәтелдер)

1618
2 мин
ЗАЛЫМНЫҢ ДӘУЛЕТІ ӘУЛЕТІНЕ ДАРЫМАС (Арам пиғыл, жаман мінез туралы мақал-мәтелдер)

Арам пиғыл, жаман мінез, сұм әрекет – дүниеден қалмайтын жамандық атаулары. Олар адамды, жанұяны, елді, ұрпақты – тұтас ұлтты құртады. Халық педагогикасында осы қасиеттерді сөзбен түзеп, ұрпақ санасына адал әрі ақ ниетті бере білген. Солардың бірі – мақал-мәтелдер. Олай болса, сұм қасиеттерден аулақ болып, адамгершілікті биік ұстайық.

-Сұм сипап отырып шымшиды.

-Қудың аяғына су жұқпас.

-Судың жолын құм бөгер, Ердің жолын сұм бөгер.

-Арам әрекет елден бездірер.

-Аңқау астыңа қарайды, Арамза үстіңе қарайды.

-Арамның ісі өрге баспайды, Өрге басса да, өрден аспайды.

-Қазанға – қақпақ, есікке – іргенек.

-Жексұрынды көрсе ел, Жүрсе жер тітіркенеді.

-Арамза шілдеде мұз қатырады.

-Байдан пайда, қудан айла артылмас.

-Арам қара суды теріс аққызады.

-Қулығына құрық бойламайды.

-Залымның дәулеті әулетіне дарымас.

- «Илла, біллә» – арамның анты.

-Сұм ілем деп жүріп, ілініп кетеді.

-Шелді көзден шет жүр.

-Арамның адымы қысқа.

-Тасқа тісі өтпеген жылайды.

-Іш мерездің ішінде, Ит өліп жатса да білмейсің.

-Бай қасына көшіп бар да, Байымасаң, маған кел. Қу қасына көшіп бар да, Құрымасаң, маған кел.

-Надан, пасық сөге өгіздей жайылады. Тойғаннан соң, жатып күйіс қайырады.

Бұл мақал-мәтелдерден халқымыздың жаман қасиеттерден сақтанып, адалдыққа тәрбиелегенін байқаймыз. Әрқайсысымыз осы құнды өнегелерді санамызға сіңіріп, ұрпақ тәрбиесіне үлес қоссақ, қоғамымыз әлдеқайда нұрлы болар еді.


  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс