Сен тегің мен атың, шашыңның түсі, бойыңның ұзындығы емессің…
Сен бітірген оқу орның, игерген мамандығың, атқарған мансабың, қызметтегі жетістігің емессің…
Сен айдайтын көлігің емессің, тұратын үйің емессің, барған жерлерің емессің, алған заттарың емессің, жинаған ақшаң емессің…
Сен әлеуметтік ортада көрсеткің келетін мәртебең де емессің, ұстанатын стандарттарың да емессің…
Айтылғандардың ешқайсысы сені ешкімнен артық болдырмайды, өйткені олардың ешқайсысы сенің нағыз кім екеніңді көрсетпейді…
Сен сөйлеген сайын білдіретін «МЕЙІРІМДІЛІКСІҢ», ренжіген кезіңде көрсететін «КЕШІРІМСІҢ», біреуді қиын кезінде түсініп қолдайтын «ЖАНАШЫРЛЫҚСЫҢ»…
Сен өзіңде барды бөлісетін «ЖОМАРТТЫҚСЫҢ», төзім қажет жерде төзе білетін «САБЫРСЫҢ» және ешкімді өзіңнен төмен санамайтын «АДАМГЕРШІЛІКСІҢ»…
Сен адамдарды сезімі, талғамы, әдет-ғұрпы, ұстанымдарымен алаламайтын «ҚАБЫЛДАУШЫСЫҢ», балаларға, қарттарға, жануарларға жанашырлық танытатын «МЕЙІРІМСІҢ», басқаларды ренжітпеу үшін сөйлемес бұрын тыңдайтын «ПСИХО-ИНТЕЛЛЕКТУАЛСЫҢ»…
Сен бейтаныс адамды кездестірсең де күлкі сыйлай білетін «ДОНОРСЫҢ», кез келген адамды құшақтап жұбататын «ҚҰТҚАРУШЫСЫҢ»…
Сен өзіңді қалыптастырып жасаған «КҮШ-ҚУАТСЫҢ», өзгелерді жарқырататын «ЖАРЫҚ-НҰРСЫҢ»…
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ