АЛҒЫС АЙТАМЫЗ! - ВЫРАЖАЕМ БЛАГОДАРНОСТЬ

АЛҒЫС АЙТАМЫЗ! - ВЫРАЖАЕМ БЛАГОДАРНОСТЬ

1
2 мин
АЛҒЫС АЙТАМЫЗ! - ВЫРАЖАЕМ БЛАГОДАРНОСТЬ

АЛҒЫС АЙТАМЫЗ!

Аллаһтың елшісі Мұхаммед ﷺ: «Адамдардың ең жақсысы — адамдарға пайдасы тигені», — деген.

«Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінің басшылығы мен ұжымы «ZETA» компаниялар тобының негізін қалаушы — Омаров Қанат Бәйтенұлына — оқу орнымызға жиһаз түрінде және материалдық тұрғыдан көрсеткен ауқымды көмегі үшін шын жүректен алғыс білдіреді.

Сіздің бұл игі ісіңіз — жоғарыда айтылған хадистің өмірдегі шынайы көрінісі. Медресеміздің дамуына қосқан үлесіңіз студенттердің білім алуы мен тәрбиесіне қолайлы жағдай жасауда маңызды рөл атқарады. Мұндай қолдаудың арқасында шәкірттеріміз сапалы білім алып, адамгершілік пен рухани құндылықтар рухында тәрбиеленуге мүмкіндік алуда.

Сіз көрсеткен бұл көмек — тек материалдық қолдау ғана емес, сонымен бірге діни білім беруді дамытуға және болашақ ұрпақты тәрбиелеуге қосылған елеулі үлес.

Жаратқан Алла Тағала барлық ізгі амалдарыңызды қабыл етіп, еселеп сауаптан жазсын!

Өзіңізге және отбасыңызға мықты денсаулық, бақ-береке, ырыс-несібе, тыныштық және барлық бастамаларыңызға сәттілік нәсіп етсін!

Құрметпен,

«Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінің ұжымы

ВЫРАЖАЕМ БЛАГОДАРНОСТЬ

Посланник Аллаха Мухаммад ﷺ сказал:

«Лучший из людей — тот, кто приносит пользу людям».

Руководство и коллектив Медресе-колледж Абу Бакр Сыддык выражают искреннюю благодарность основателю группы компаний ZETA — Омарову Канату Байтеновичу — за оказанную значительную помощь в виде мебели и материальной поддержки нашему учебному заведению.

Ваше благородное дело является живым воплощением смысла данного хадиса. Вклад, который Вы внесли в развитие нашего медресе, играет важную роль в создании благоприятных условий для обучения и воспитания студентов. Благодаря такой поддержке наши воспитанники получают возможность приобретать качественные знания и воспитываться в духе нравственности и духовных ценностей.

Оказанная Вами помощь — это не только материальная поддержка, но и весомый вклад в развитие религиозного образования и воспитание будущего поколения.

Пусть Всевышний Аллах примет все Ваши благие дела, многократно вознаградит Вас и дарует Вам и Вашей семье крепкое здоровье, благополучие, достаток, мир и успех во всех начинаниях!

С уважением,

Коллектив Медресе-колледж Абу Бакр Сыддык


  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс