Өлім дегеніміз негізі - адамның жаңадан туылуы. Өлімнің ішкі және сыртқы екі түрі болады. Оның біріншісі ортаға ұмтылады, екіншісі кеңістікке кетеді.
Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.у.): “Муту қабла анта мута” деген хадисі бар, мағынасы “Өлместен бұрын өл” деген.
“Өзін жоғалтақан кезде ғана, адам Тәңірін табады,”-деп жырлапты бір ақын.
Мұса пайғамбарға (ғ.с.) Ұлық Құдай: “Мені көрген адам тірі қалмайды,” депті.
Құдайды көру үшін біз болмауымыз керек. Мұны қалай түсінеміз?
Егер біз өмірге көзімізді ашып қарар болсақ, болмысымыздың екі аспектісі бар екенін байқаймыз: ақиқат және жалған.
Жалған өмір деген - ақыл мен тәннің өмірі, ол тек ішінде жан бар кезде ғана уақытша жылып тұратын нәрсе.
Ішінде өмір болмаса тән қимылдай алмайды.
Көп жағдайда біз ақиқат өмірді жалған өмірмен, ал жалған өмірді ақиқатымен шатастырып алып жатамыз.
Өлу деген, бір жегің келіп тұратын тәтті жеміс секілді, соны бір кішкентай бала келіп анасынан берші деп сұрап тұрғандай болады.
Оның анасы ол жемісті өзі жегісі келіп тұрады, бірақ ол оны амалсыз сұрап тұрған баласына береді.
Баласының осы жемісті жегеніне анасы қуанады. Өлім деген осы. Бұл әйел баласының қуанғаны арқылы өмір сүреді.
ӘР БЕРГЕН САЙЫН БІЗ ӨЛІП ОТЫРАМЫЗ
Өз есебінен болса да, басқаның қуанышына қуанған адам, хақиқат өмірге алғашқы адамын бастайды.
Егер біз бір жақсы затқа қатты қызығып, оны иеленгіміз келсе, сонда да оны басқа бір адамға қиып беріп, оның одан алған қуанышы әдісіне ортақтасатын болсақ, біз өлі болғанымыз.
Бұл біздің өліміміз. Сонда да біз ол адаммен салыстырғанда, тірірекпіз. Біздің өміріміз кең, тереңде әрі ұлы.
Бұл бір ақылға сыймайтындай бас тарту боп көрініп, жойылғандай болады, бірақ негізі ол шеберлік.
Керіп қоюдың негізгі хақиқаты, нәпсіні керіп қойып, хақиқатты тудыру.
Жалған нәпсіні асып қоймайынша, шын хақиқат жүзеге аспайды.
Сопылар мұны Фана деп атайды, яғни бірігіп сіңісіп кету деп.
Барлық әулиелер мен хақиқат іздеушілердің бар күші тек бір мақсатқа, мәңгі өмірге жетуге арналған.
Біздің өз тәнімізді жақсы көретініміз соншама, оның ерте ма, кеш па өліп, жансыз дене ретінде қабірге түседі деген ойдан қатты қайғырамыз.
Оның бір күні жойылып, жоқ боп кететіні ешкімге жақпайды.
Бірақ біздің рухымыз - біздің нағыз болмысымыз.
Ол біз бұл дүниеге келмей тұрып бар болатын, өлген соң да болады.
Рухымыз нағыз біздің өзіміз, сол арқылы біз әрекет жасап, өз өмірімізді танытамыз.
Жан денеден шығып кетіп ақылдан ажыраған соң, шартты түрде өлді деп аталатын хәлде болады; оны әдетте өлім деп атайды.
Сонда жанның өмірлік әсер әдістері тек бір нәрседе, яғни ақылда қалады, ол бойына жер бетінде физикалық қалыптағы өмірлік әдістері суреттерінен құралған бүкіл өз әлемін сыйғызған.
Егер ол қуанышқа тола болса, ол жәннат, ал егер қайғы-мұңға тола болса, онда тозақтың өзі болғаны. Бірақ жан тірі ғой. Бұл өлмейтін ажалсыз Тіршілік иесінің рухы болатын. Ол мәңгі тірі.
Хазрат Инаят Хан
P.S. Чандра Мохан Джеин (1931 ж. 11 желтоқсаны - 1990 ж. 19 қаңтары)
Өлім деген - елес, негізі өлім болмайды, тек оның формасы ғана ауысады.
Біз тек формаға байланып қалғандықтан ғана өзімізді бақытсыз сезінеміз.
Дене де, ақыл да емес екенімізді білгендіктен, өлім деген нәрсе жоқ, біз мәңгілікпіз.
Әркім мәңгіліктің бір бөлшегі.
Әлемде ЕКІ ЕЛЕС бар.
Шындығында екі түрлі елес емес, бір елестің екі түрі бар.
Біріншісі - жалған нәпсі; ол бізге “Мен болмыстан бөлінгенмін” деп, жалған елес көрсетеді.
Осы елестен барып екінші елес туады - өлім елесі.
Негізі біз болмыстан бөлінбегенбіз, онда қалай біз өлмекпіз?
Толқын мұхиттан бөлек емес қой; сол себепті ол ешқашан өлмейді.
аударған Жүрсін КӘРІМ