Бір жолдардың қиылысында жақсы адам ғұмыр кешкен екен. Неге жақсы адам? Жақсы адам болатын себебі, ешкімге қиянаты жоқ, зиянсыз адам болатын. Ол көп жыл бойы сол жерден өткен адамдарды күтіп, үйіне түнетіп, әрдайым оларға қызықты әңгімелер айтып беріп отыратын. Адамдар шамаларына қарай алғыстарын жаудыратын. Қолында бірдеңесі барлар атағанын ұстатып, жоқтары жылы сөздерімен алғыс білдіретін. Ол осылай көп жыл көпшілікке қызметте болып, оларға басынан өткен оқиғаларды айтып беретін.
Сөйтіп жүргенде бір адамдар оның үйін тал-түсте тонап кетеді. Үйінде алып кетуге болатын не бар, соның бәрін алып кетіпті. Басқа адамдар болса мұндайда, ойбайлап, шағымданып, айқайлап, шулап жүрер еді, ал ол түк болмағандай тым-тырыс жүре берді.
Мұны естіген көршілері келіп оған:
-Не болғанын білеміз, үйіңді толық тонап кетіпті ғой. Не көмек керек?-деп сұрапты.
Сонда ол:
-О не дегендеріңіз? Жақсылықты ешкім ұрлай алмайды. Бұрын қалай жолаушыларға көмектесіп жүрсем, соны жалғастырып, әңгімемді айтып жүре беремін. Үйдің заттардан босап қалғаны тіпті жақсы болды. Сұрағанында өзім бере салар едім. Бір жақсысы орын көп болып қалды. Анау-мынау заты көп жолаушылар болса, бәрі сияды. Ал оларға айтатын әңгіме құдайға шүкір, жетеді,-деді.
Бұған таң қалған көршілері, не қайғырарын, не қуанарын білмей состиып тұрып қалды. Ал жақсы кісі болса жолға қарап, мейірімді түрмен жымиып тұр.
Вадим Кулик
аударған Жүрсін Кәрім