-Сорлы тышқан соқыр мысық бар дегенге сенбейді.
-Өмір көрген түлкінің үш-үштен іні болады.
-Есек семірсе иесін тебеді.
-Тауықтың түсіне тары кіреді.
-Жығылып жатып қисайғанға күлме.
-Бастық кеткенше, адам өлгенше ғана сыйлы.
-Қатын қысылса шағынады,
Ер қысылса сабылады.
Қатын ұшынса қағынады,
Ер ұшынса шабылады.
-Бұқаны көрген бұзау оңа ма?!
-Байлауы жоқ шешеннен,
Үндемеген есті артық.
Бәйге алмаған жүйріктен,
Белі жуан бесті артық.
-Соқыр тауыққа бәрі бидай.
-Арамза бұқа ұрғашы бұзаудың жанында ұйықтайды.
-Қасқырдан хал кетсе, ешкіні апа дейді.
-Құнажын көзін сүзбесе,
Бұқа байлауын үзбейді.
- Бүркіттің сайрағаны өлгені.
-Есенің де есесі, есектің де шешесі бар.
-Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп сақалынан айрылыпты.
-Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді.
-Бардың қатыны өлсе төсегі жаңғырар,
Жоқтың қатыны өлсе басы қаңғырар.
-Еріншек қатынның етегі жыртық,
Ерке қатынның ерні тыртық.