27 қазан күні Павлодар өңірінде ҚМДБ-ның «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен «ӨТКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ТІРІГЕ МІНДЕТ» республикалық акция аясында зираттарды тазалау жұмыстары жүргізілді.
Игі шараға облыс бас имамы Жұманазар Өсерханұлы бастаған мешіт жамағаты, еріктілер мен медресе шәкірттері қатысып, жергілікті әкімдік тарапынан арнайы техника бөлінді.
Шара соңында ата-баба рухына Құран бағышталып, дұға жасалды.
Алла Тағала ізгі амалдарды қабыл етіп, барша қатысушыларға сауаптан жазсын!





