СЕЙДІЛДӘ ХАЗІРЕТТІҢ КЕСЕНЕСІ АШЫЛДЫ

СЕЙДІЛДӘ ХАЗІРЕТТІҢ КЕСЕНЕСІ АШЫЛДЫ

26
2 мин
СЕЙДІЛДӘ ХАЗІРЕТТІҢ КЕСЕНЕСІ АШЫЛДЫ

Бүгін Ертіс-Баян өңіріне танымал діни тұлға - Сейділдә хазірет Түйтебекұлының зиратына орнатылған кесененің ашылуы болды.

Іс-шараға Тереңкөл ауданына қарасты мешіттер жамағаты, белсенді азаматтар және аудандық «Сейділдә қажы» мешітінің бас имамы Надырбаев Қобыланды қатысып арнайы зиярат жасап, Құран оқыды.

Сейділдә қажының зираты Тереңкөл ауданына қарасты Жаңа-құрылыс ауылдық окургінің аумағында жатыр.

Сейілдә қажы (шын есімі -Шайдолла) Түйтебекұлы Павлодар уезі, Тереңкөл болысы Бекбау ауылында ХІХ ғ. соңында дүниеге келген. Уфада медресе бітірген. Қазіргі Тереңкөл ауданының Трофимовка ауылы мен Жаңа-Құрылыс ауылдарының ортасында 1912 жылы мешіт ашып, сол мешітте бала оқытқан. Мешіт жанынан медіресе салған, оның жатын бөлмелері де болған. Бұл медреседе Ертіс өзенінің ар жақ, бер жағынан, іш жақтан, яғни Ресейден келіп қажының алдынан білім, тәлім –тәрбие алған. Мешіт-медреседе 500-дей шәкірт тәрбиеленген екен.

Сейділдә қажының Құран кітабы, намазда киген тақиясы және араб, шағатай тілінде жазылған қолжазбалары табылған.

Сейділдә қажының 16 беттік қолжазбасында әртүрлі дұғалар, әрбір дұғаны қандай жерлерде, қай уақытта оқитыны туралы түсініктеме және «Елім- барым, дінім -Алладан берілген бағым» деген жазулар бар екенін ғалымдар анықтаған.

Бүгінде Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде қажының бірқатар құнды заттары сақталған.

326b6c24-41e9-44cc-9ec8-9acbf0d6d21a.jpeg

15894ce7-f95e-44ed-8108-9d0cfa916b39.jpeg

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс