Екібастұз қалалық мешітінің бас имамы Нұрсейт Омаровтың ұйымдастыруымен қоғамдағы өзекті мәселелерге арналған насихат жұмысы өткізілді.
Насихат барысында «Той өткізу мәдениетін қалыптастыру, тойдағы әдепсіздіктің алдын алу және құдайы астарда ысырапқа жол бермеу» тақырыптары кеңінен түсіндірілді.
Кездесу барысында той-томалақтағы әдептілік пен ізеттілікті сақтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, шариғат талаптарына сай әрекет ету, сондай-ақ құдайы астарды қарапайым әрі ысырапсыз өткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мақсат – ұлттық дәстүр мен діни құндылықтарды ұштастыра отырып, қоғамда әдептілік пен үнемшілдікті қалыптастыру





.