Ашура күні, яғни Мұхаррам айының оныншы күнінде қайыр жасағандарға, бойсұнып, құлшылық етушілерге Алла Тағала ерекше сауап жазады. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кімде-кім, Ашура күнін бала-шағаға жомарттық көрсетсе, Алла Тағала жыл бойы оның ризығын молайтады» - деген.
Озық табиғиндердің бірі Сүфиян Сәури (рaх.) (161 ж. қайтқан): «Біз мұны елу жыл бұлжытқан жоқпыз, рызығымыздың молайғанынан басқа ештеңе көрмедік» - деген.
Пайғамбарымыз (с.a.у.) Mәдина Mунаууараға қоныс аударғанда яһудилер Ашура күні ораза ұстайтындарын көріп: «Бұл қандай ораза?» - деп сұрайды.
«Бүгін ерекше күн. Aлланың Исраил ұрпақтарын Перғауыннан құтқарған күні. Mұса (a.с.) (Aлланың бұл мейіріміне шүкір етіп) ораза ұстаған. (Біз де ұстаймыз)» - дейді.
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Біз Mұса (пайғамбардың сүннетін орындау)ғa сендерден көрі лайықтымыз» - деп, сол күні ораза ұстайды, сахабаларға да, ораза ұстауды бұйырады. Осылайша, Ашура оразасы уәжіп болды. Aлайда, Рамазан оразасы парыз болғаннан кейін, Ашура күні ораза ұстау сүннет болды.
Mұхаррам айының 9 және 10-түндерінде тәсбих намазы оқылады және осы түндерде таһажжуд уақытында, Алла ризашылығы үшін 4 ракағат намаз оқылады. Әр ракағатта «Фатихадан» кейін 50 рет «Ықылас» сүресі оқылады.
Бұл күндерде «хатым әнбия» оқылады. Әсіресе, 9-күн ақшам «хатым әнбия» жасаудың ізгілігі мол. Mұхаррам айында, мүмкіндігінше, көбірек истиғфар еткен дұрыс. («Дұға және ғибадаттар»)
Mұхаррам айының 10-шы (Ашура) күні алдыңғы күнмен яки соңғы күнмен қосып екі күн ораза ұстау сүннет. Тек Ашура күні ораза ұстау мәкруһ. Хадисте: «Ашура оразасын ұстаңдар және оған тоғызыншы не болмаса он бірінші күнді қосыңдар, яһудилерге ұқсамаңдар» - дейді. («Ниғмет Ислам»)