Қасиетті жұма күні «Әбубәкір сыддық» медресе-колледжінің колледж ұстаздарына арнайы бірдей үлгідегі шапандар сыйға тартылды. Бұл – ұстазға деген ілтипат, білім иесіне деген құрмет, жүрекке жылу сыйлар жақсы амалдың бірі.
Сонымен қатар қуаныш пен құрметтің белгісі.

