ЫРЫСБЕК «ШАЙҚЫ АТА» СОЛПЫҰЛЫ (1871-1954)

ЫРЫСБЕК «ШАЙҚЫ АТА» СОЛПЫҰЛЫ (1871-1954)

3677
4 мин
ЫРЫСБЕК «ШАЙҚЫ АТА» СОЛПЫҰЛЫ (1871-1954)

Солпыұлы Ырысбек "Шайқы ата" 1871 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданы Әулиелі Қызылтауда дүниеге келген. Руы Орманшы Қайдауыл, Мат, Тоққұлы.

1893 жылы Бұхара қаласындағы «Мірғарып» медресесінде оқығанда жын-перінің оқуы-Қасидин ілімін тамамдаған және 1895 жылы Түркістандағы Қарнақ медресесінде діни білім алған.

Елге келген соң, Атақозы болысында бала оқытқан. Медресе ұстаған жерлері Бабалыда Байсерке молда Сатайұлының ауылында.

Ресейде Уфа қаласында «Мірғалияда» оқып елге оралған.

Бұл кісі ауырған адамдарды, әсіресе жынданып есінен танып қалған адамдарды өзінің райынан қайтаратын тәуіп болатын.

1911-1912 жылдары бұл кісінің екі құлағы бірдей естімей қалады. Айтқан сөзді есту үшін, ол кісі ташбихтың бір жағын өзі ұстап, екінші жағын сөйлеп тұрған кісі ұстап сөз айтқанда, бәрін естіп, екеуара әңгіме құрастыратын.

Ырысбек Шайқы ата алыс және жақын жерден келген науқас адамдарды дұғалармен үшкіріп және басқадай да емдер жасап беретін.

Адамның ауруын тамыр соғысы арқылы аңықтап, дұғамен емдеген.

Кеңес үкіметінің солақай содыр саясаты мен зобалаң заманында 1937 жылы Ырысбек Шайқы атаны да түрмеге қамайды.Түрме камерасының есігіне кешкілікте түрме қызметкерлері құлпын жауып кетіп, ертеңінде келгенде сол жабылған құлып өзінен-өзі ашылып қалатын көрінеді. Басқадай да қысым жасағылары келеді, бірақ қасиетті адамға жасай алмаған соң түрмеден шығарып үйіне қайтарады.

Сол жылы Шайқы ата өзінің отбасымен Павлодар қаласына жеті шақырым жерде орналасқан “Қазанның 14 жылдығы” колхозына көшіп келіп, колхозда жұмысқа орналасады.

Бұл кісінің тағы бір ерекшелігі - ежелден аңшы еді. Бірнеше қосаусыз мылтығы мен тазы иттері болатын. Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде қасқырларды көп өлтіріп (аулап), колхоздың малын аман сақтағаны үшін колхоз басқармасы колхоздың бәйге күрең атын Шайқы атаға сыйға берген.

Ырысбек Шайқы ата Кереку-Баянауыл өңірінің өте абыройлы адамының бірі болды. Ол кісі 1954 жылы сол колхоздың “Қара құдық” атты қыстағында 83 жасында қайтыс болды.Қыстағынан 2-3 шақырымдай жердегі, қазіргі Аллюминий зауыты маңындағы ескі зиратқа жерленді. Орталық мешіттің басшылары сілтеуімен Ораза,Құрбан айт күндері мешітке намазға жиналғандар осы зиратқа барып, дұға оқиды. Бұл зират мал жайылымының шаңдағында және жаңа салыңған электролиз-аллюминий зауытына баратын жолдың жанында қоршаусыз жатқан болатын. 2004 жылдың мамыр айында айналасы 700 метрлік ескі зират түгелдей қоршалды. Сол жылы Шайқы атаның өмірден өткеніне 50 жылдығына орай «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің асханасында ac беріліп, дұға оқылды .

Ырысбек Шайқы атаның Қоқыш, Бүкен атты ұлдары мен Құсни деген қызы болды.   Қоқыш деген баласы соғыс және еңбек ардагері, көп жылдар бойы ауылшаруашылық саласында басшылық қызметтер атқарды. Ал екінші баласы Бүкен көп жылдар бойы Кенжекөл ауылының озат шопаны болып еңбек етті. Совхоздың қой басын өсіруде қосқан табысты еңбегі үшін Бүкен бірнеше рет жоғары марапаттарға ие болған.

Қазірде бұл екі баласы да қызы дүниеден өтті. Шайқы атаның осы балаларынан қалған немере, шөберелері Павлодар ауданы Шақат, Кенжекөл ауылдарында тұрып жатыр.

Бүгінде Кенжекөл аулындағы Алланың үйі-«Шайқы ата мешіті» деп аталады.

 

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс