МӘШҺҮР ЖҮСІП: ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ БІЗДІ БАҒЫП-ҚАҒУ РЕТІ

МӘШҺҮР ЖҮСІП: ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ БІЗДІ БАҒЫП-ҚАҒУ РЕТІ

2408
2 мин
МӘШҺҮР ЖҮСІП: ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ  БІЗДІ БАҒЫП-ҚАҒУ РЕТІ

Бала туып жарық, жалған дүниенің жүзіне келген соң Ай құшағына алады. Төрт жыл, төрт айға шейін бағып-қағады. Ай өзі қандай асығыс болса, жас баланы да сондай тез-тез өсіруге ыңғайлайды. Солай болғаны үшін «Бесік баласы бес түлейді» дейді.

Хош, мұнан соң Ғатард құшағына алады, он екі жасқа жеткенше бұл бағып- қағады. Бұл ғылым, білім, жазуышылыққа баулиды. Солай болғаны үшін төрт жастан асқан баланы мектепке беру керек. Дәл осы сөзді жазып отырған жан бес жасында мектепке беріліп, Шар кітапты мәнісімен жаттап, жұрт аузына ілініп, көп көзіне түскен бала.

Он екі жастан асқан соң Зухрат құшағына алады. Бұл ойын –күлкі, сауыққа баулиды. Жиырмадан асқан соң отыз жасқа дейін құшағында болады. Біз өз басымыз Зухраттан аулағырақ қалдық. Не үшін ? десең, Ғатард құшағына түсіп кетіп, сонан басымызды алып щыға алмадық.

Бұл күн (Зухрат) баққан кісісін көзге түсіруге тырысады. Отыз жаста көзге түсуге жарамаған жаман өмірінде түкке жетпейді.

Отыздан асқан соң Миррах құшағына алады. Бұл қайрат, жігер, өткірлікпен алас ұрғызады.

Мұнан кейін Мәшәри құшағына алады. Бұл киініп, түйініп бай болу, әр нәрсеге сай болуды ойлатады, алпысқа дейін бағып қағады.

Алпыстан асқан Зухал құшағына алады. Мұның құшағы бар болсын, өзін ойға салады, дүниеге харыс қылады. Мұның құшағына түскен соң күніңді итке берсін. «Жақсыға жүру жоқ, жаманға өлу жоқ» деген сөзге нанымың күшті болып, өлмегің қара жер деп жүре бергің !


 

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс