ЗІКІР ЖАЙЛЫ

ЗІКІР ЖАЙЛЫ

1729
2 мин
ЗІКІР ЖАЙЛЫ

Медіреседегі жеті жасар бала рухани ұстазына келіп Жаратушы Тәңірін еске алу жайлы айтып, түсіндіріп беруін өтінді. Ата-анамнан сұрасам, олар: саған ол жайлы білуге әлі ерте, кейін ер жеткен соң түсінесің,-деді.

Ұстазы балаға:

«Жарайды, мен саған айтып берейін, тек үндеместен жанымда отыр,»-деді. Сәлден соң күріштен жасалған құймақ толтырылған ыдысты әкеліп ұстаздың алдына қойды. Әдетте ол кісі осындағылардың бәріне бірдей қылып бөліп бермейінше асқа қол созбайтын. Ол өзіне кішкене бір құймақты алып, балаға үлкендеу біреуін берді, қалғандарын осындағы балаларға бөліп беріңдер деп тапсырды. Сосын балаға қарап:

«Мында қара, саусағымды көтергенше құймағыңды жей бересің, белгі берген соң жеуді тоқтатасың, артық құймақ қалмау керек,»-деді.

Баланың есіл-дерті ұстазында, алдымен құймақты үлкен-үлкен бөліктермен жей бастады, соңғы жағында кішкентай-кішкентай бөлшектерге бөліп жей берді.

Бір кезде ұстазы баланың күтіп отырған белгісін саусағымен көтеріп белгі берді, бала қолындағы соңғы кесегін аузына салып жеуін тоқтатты.

Ұстазы сол кезде:

«Міне балам, мына сенің істеп отырғаның Жаратушы Тәңіріңді еске алу секілді. Әлгінде сенің есіл-дертің менде болса да құймағыңды жеп отырдың. Сол секілді күнделікті күйбең тірлігіңді жасап жүргеніңде, есіл-дертің Құдайда болуы керек. Әдетіңше жүре бер, ас іш, сөйле, т.с.с. тірлігің жүре берсін, бірақ санаң тек бір Аллада болсын.

Міне зікір деген осы, өйткені Құдай деген сырттағы бір зат емес,»-деді.

аударған Жүрсін КӘРІМ

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс