Жақсы мысал – жүз сөзден артық. Баланы белбеумен емес, ұятпен жазала. Өсиет айтпа – үлгі көрсет!
Жаман тұқымнан жақсы ұрпақ күтпе. Жазалау – оңай, тәрбиелеу – қиын. Ақылды адамға таяқ емес, сөз қатты тиеді.
Қатал болмасаң, күшікті де өсіре алмайсың. Әрбір ана үйрегін аққу деп санайды. Жақсы отбасыдан, жақсы балалар шығады. Шөп тамырсыз өспейді.
Білім – баланың ақылын, ал тәрбие – мінезін қалыптастырады. Жақсылықты ойла, жамандық ойға келмейді. Жақсыға да, жаманға да бала кезден үйренеді.
Әкесі мен баласының жүрегі бір болса – жер алтынға айналады. Адам ешқашан жаман болып туылмайды. Еңбекқор әкенің ұлдары жалқау болмайды.
Мейірімді әкенің балаларыда сондай. Киіміне емес, тәрбиесіне қара. Бала деген гүл сияқты, оған күтім қажет. Ұлынды еркелету – оны өлтіргенмен тең. Тірі сөз – өлі әріптен қымбат.
Әкенің ойында – баланың тілінде. Өзін туылдың – басқаға көмектес. Не ексең, соны орасың! Өзін басқара алмайтын, басқаны үйрете алмайды. Жалқау бала – кедей шалға айналады.
Тірі қорқақ болғанша, өлген батыр болған артық. Жүз қорқақ, бір батырды алмастыра алмайды. Тізерлеп өмір сүргенше, тұрып өлген жақсы.
Күш жетпеген жерде, ақыл көмектеседі. Ержүрек адамға ұзын қылыш қажет емес. Сужүрек өз даңқын тілмен көтереді, ал батыр қылышпен. Ең мықты еркек – бәрін жығатын емес, жығылғаннан кейін тұра алатын.
Ит – батылға үреді, ал қорқақты тістейді. Бүркітті қарғамен қорқыта алмайсың. Батыр өзі үшін туады, халқы үшін өледі. Батыл жүрек – соғыс күні көрінеді.
Жау қашқан кезде, батырлардың саны көбейеді. Өз ауласында әтеште батыр. Ержүрек адамға таяқта қару. Алдында тұрған жауын – артында тығылып тұрған досыннан артық.
Көз – қорқақ, жүрек – батыр. Ерлік – жеңістің кілті. Батыл адам мақтануды ұнатпайды. Батырларды қиын замандар тудырады. Батыр жауынгерлер – жеңістің жартысы.
Жүрегінде батылдық жоқ жауынгерге, қару көмектеспейді. Жауға берілмегенді, халық ұмытпайды.
АЛИША