БІР АУЫЗ СӨЗ...

БІР АУЫЗ СӨЗ...

2 мин
БІР АУЫЗ СӨЗ...

Бір ауыз "харам" сөзі кейде бір халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани жадын жоққа шығаруға дейін барады.

Ислам тарихын білетін адам бір халықтың мәдени тамырын бір сөйлеммен кесіп тастамайды, өйткені исламның тарихи тәжірибесі - халықтарды өз тамырынан айыру емес, сол тамырмен бірге өркениеттік мән табу.

Қазақ даласында ислам Ханафи-Матуриди жолымен, Қожа Ахмет Ясауи ілімімен, Абайдың ақылымен, Шәкәрімнің ар өлшемімен орнықты. Сондықтан қазақтың бата беруі, ас беруі, беташары, үлкенге құрметі мен әдеп мәдениеті - дінге қарсы құбылыс емес, тарихи исламның қазақ топырағындағы табиғи көрінісі.

Ал әлеуметтік желіде ғылыми талдаусыз "Бұл харам", "Бұл бидғат", "Бұл ширк", "Бұл дінде жоқ" деп қысқа үкім айту көбейіп барады. Бір сөйлеммен ғасырлық мәдени қабатты жоққа шығару - ислам ғылымының тәсілі емес. Өйткені исламда үкім шығару бір аятпен емес, ғасырлар бойғы құқықтық мектептермен, мәтіндік дәстүрмен, тарихи жағдаймен және ғылыми жауапкершілікпен өлшенеді.

Абай "Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: надандық, еріншектік, залымдық" деген. Дәлелсіз үкімнің білімнің орнына жүруі - сол надандықтың бүгінгі жаңа көрінісі.

Егер діни риторика қоғамдық алауыздық туғызып, ұлттық құндылықтарды әлсіретіп, азаматтарды бір-біріне қарсы қоюға бағытталса, ол заң аясында қаралуы тиіс. Өйткені Қазақстан - зайырлы мемлекет, ал қоғамды діннің атымен бөлу - жай пікір емес, ұлттық тұрақтылыққа әсер ететін идеологиялық әрекет.

Қазақтың діни санасы - көшірме емес. Сондықтан оны қысқа үкіммен арабтандыру мүмкін емес.

Өйткені бұл халықтың рухани өзегінде заңнан бұрын - жауапкершілік, сенімнен бұрын - сана, ал сөзден бұрын - ар тұрған.

 

Токкожа КОЖАГУЛОВ

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс