قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: فِعْلُ الْمَعْرُوفِ يَقِي مَصَارِعَ السُّوءِ. (هب)
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:
“Қайырымдылық жасау (жақсылық істеу) жаман жағдайға түсуден сақтайды”. (Бәйһақи, Шуғаб ул-иман)
Шариғат – сөздікте ашық жол деген сөз.
Термин ретінде; дін мағынасымен қатар, діннің құлшылыққа, іс-амалға қатысты үкімдері дегенді де білдіреді. Бұл шәрғи шәриф деп аталады.
Шариғат заңы дегенде үш түрлі үкім ескеріледі:
- Итиқатқа (сенімге) қатысты үкімдер,
- амалға қатысты үкімдер
- ахлақи үкімдер.
Mәселен, Aлланың бірлігіне, қаза мен тағдырға сену итиқади, яғни сенімге қатысты үкімдер. Мұны сөз ететін ілім İлми кәлам деп аталады.
Ғибадатқа, (сауда, неке тәрізді) әрекетке қатысты үкімдер - іс-амал үкімі. Мұны сөз қылатын ілім Ілми фиқһ деп аталады.
Жаман қылықты тастап, ахлақи көркеюді, әдемі әдеп жыюды және рухани мәртебе алуға қатысты үкімдер болса – ахлақи үкімдер. Мұны сөз ететін ілім – тасаууф.