ӘЙНЕК

ӘЙНЕК

401
1 мин
ӘЙНЕК

-Жігіттер, түсінер емеспін: кедей адамға бір тірлікпен келсең, сыпайы ғана, шамасына қарай көмектесіп шығарып салады. Ал бай кісіге келсең – ешкімді көрер емес. Осының бәрі тек қу ақшаның қасиеті ме?

-Терезеден қарашы. Не көріп тұрсың?

-Бір әйел баласын ертіп барады, тағы бір арба базарға кетіп барады-ау әсілі...

-Жақсы. Енді айнаға қара. Не көріп тұрсың?

-Не көруші едім, өзімді көріп тұрмын.

-Енді қара: терезенің көзі де әйнек, қолыңдағы айна да әйнек. Бір әйнектің артына күміс жақсаң болды – өзіңнен басқа ештеңе көрмейтін боласың.

 

аударған Жүрсін Кәрім

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс