Пенде бәріне адам арқылы көтеріледі. Адам - адамға өткел, көпір, баспалдақ. Адам - адамсыз ешқайда жете алмайды.
Мәжнүнді Аллаға ғашық еткен Ләйлі болатын. Ләйлі -Мәжнүнге көпір болды. Мәжнүн Алланың шығармашылық келбетіне ғашық болуға Ләйлі арқылы өтті. Қолы жетпес ҰЛЫ МӘНГЕ қол созған Мәжнүннің жырлары бал мен шекерге айналды. Сырға толы өлеңдері ғасырдан ғасырға жетті. Өлмес құндылық қалды.
Байқасаңыз бәрі Ұлы шығармалар қалдыру жолына адам арқылы көтеріліп жатыр.
Хакім Абайда: "перзент сүймей адамның мейірімі қанбас" дейді. Балаға деген махаббат. Адамның адамға деген шын жүректен жақсы көруі арқылы, адамға мейірленіп, мейірімі толық қану арқылы Ұлы мәнге көтеріліп кетеді екен (діни танымда Аллаға).
Бәріде адаммен басталып жатыр.
Шәкәрім айтқан "таза ақылға жарық адамнан түсуде. Сен өз құлпыңды өзің аша алмайсың, құлыпты басқа адам ашады. Сәуле түскенде таза ақылдың оянуы арқылы пенденің білім мен танымға махаббаты басталады. Адамның таза болмысы - рухы. Таза ақыл деп отырғанымыз рухтың оянуы. Жүректегі ақыл.
Бастағы ми(ақыл) - рационалды, суық. Біз бастағы суық ақылмен көпке бара алмаймыз. Ол шарықтау үшін жүректегі таза ақылдың оянуы шарт. Фараби бабамыз: "көз өз міндетін атқару үшін оған шарт керек. Ол шарт -жарық. Жарық болмаса көз көру міндетінен ажырайды" дейді. Сол секілді бастағы ми ұзаққа қарау үшін оған рухтың көзі керек. Яғни бастағы ақылдың ұзаққа бару жолында шарт, жүректің ақылы.
Данышпан Абай: "жүректегі кірді қашырса, адамның хикмет кеудесі" деуі осы.
Жүректегі таза ақылдың оянуы үшін адамның көкірегі мейірімге қанық болуы шарт.
Байқасаңыз біздің болмыстарымыз бір біріне шарт қойып тұр.
Жүректегі таза ақылдың қорегі - білім мен таным. Ол адамды жатқызбайды өзінің қорегін сұрап. Берекетуіңді алып, безілдетіп отырғызбайды. Шын ғалымдардың әлемнің жаратылыс сырын ашуда міндеттеме мен атақты керек етпейтіні сол.
Кейде білім мен танымға ұмтылған жандардың бойын үнемі невроз сияқты жағдайын кетіріп тұратын құбылыс, сырларды ашуға деген ұмтылыстары..
Жарас Ахан
"Ақылдың азығы" кітабынан....