СӨЗДІҢ ҮШ ТҮРІ

СӨЗДІҢ ҮШ ТҮРІ

240
4 мин
СӨЗДІҢ ҮШ ТҮРІ

Реті келген бір отырыста жырау Алмас Алматовтан әңгіме сұраған едік. Әңгіменің өзін емес, кіріспесінің қалай болғаны өз алдына бір әңгіме болды.

– Е-е-е, бұл әңгіме деген жарықтықты айтқың да келеді, айту да керек, – деп бір қайырып, сәл тыныстап алды да сөзін жалғады. – Жалпы, сөздің үш түрі болады. Біріншісі – айтуға болғанмен, естуге болмайтын сөз, екіншісі – естуге болғанмен, айтуға болмайтын сөз, үшіншісі – естуге де, айтуға да болатын сөз. Айтуға болғанмен, естуге болмайтын сөз дегеніміз пенделік ашу, ақылсыздықпен біреуді боқтап, не ғайбаттап қоярсың-ау, бірақ оны өзіңіз естігіңіз келмейді ғой. Енді естуге болғанмен, айтуға болмайтын сөз дегеніміз біреудің қызы байсыз бала көтеріп, ұлы әкесін сабапты дегендей аразыз дүние-лер. Үйбай-ау, оны қалай айтасың? Ұлың мен қызың естіме болмаса? Құлағына сөзін ала кеп нем жарықдық сүзгісі болмаса кісінің кеудесіне өзін ала кеп. Жамандықтың жайылуы оны айтуда екен. Елге тарап, жаманшылықтың дәнін көбейтеді ғой. Айтуға болмайтын сөз дегеніміз осы. Ал, естуге де, айтуға да болатын сөз – ол қасиетті Құран Кәрімнен бас-қалатын ғұламалар сөзі екен-ау. Міне, осы сөзді айтсаң да, естісең де сауап. Біз тыңдаған ақсақалдардың әңгімесі сонымен асыл, сонымен күндем асыл еді ғой.

– О-о-о, баяғыда атақты Қожакелдi Жүсіп молда деген кісілердің әңгімесін тыңдадық-ау, соның да дастарханында бірді-екілі ақсақал отырып, калғаны тыңдайтын еді ғой. Дана көкірек әже, жолы үлкен аналар болмаса, жалпы әйелдер қауымы бөлек отыратын. Сондай әңгімелердің бірінде Тұраш деген кісі қамшысына сүйене орнынан көтеріліп бара жатып Жүніс молдаға: «Е-е-е, молдеке! Сізді қимаймыз-ау, қимамаймыз… дейді ғой. Сонда Жүніс ақсақал: “ Неге Тұраш, неге қимайсың?» дер еді. «Әңгімеңіз асыл ғой, әңгімеңіз” дейді анау. Әңгіме асыл болса тыңдасайшы енді “ дейді ақсақал. «Шаруа шығып тұр ғой, шаруа. Соған асығып…» дейді Тұраш. «Шаруа өлгенде, о дүниеде бірақ бітеді ғой, со жақтың шаруасын шаруаласайық та» дейді молдекең. «Уйбай-ау, молдеке, о дүние деп өлгеннен кейінгі анау өмірді айтып отырсыз ба? Уйбай-ау, ол жақта бізге үлес жоқ қой, кеше ғана «Құдайсыздар ұйымын» басқарған біз бейшараны сіздердің қатарларыңызға қоспайды ғой, молдеке-ау» қоспайды ғой» деп басын төмен салып шайқап-шайқап қояды Тұраш. Сонда Жүніс молданың айтқаны ғой, не деген сұңғылалық десеңізші:

«Әй, Тұраш-ай, сен осы бірдеңені білмейтін шығар деп жүруші ем, рас білмейді екенсің. Алла Тағала білдірмегенін емес, білдіргенінен сұрайды. “Әй, Жүніс, саған білдірдік қой, сол білдіргенімізді қасыңдағы Тұрашқа неге айтпадың? Сен айтсын деп бір дастархан басына отырғызып қойдым ғой» деп мына бізді шырылдатады ғой, Тұраш үшін мына шал күйеді ғой, аясаңшы бізді. «Тұраштың шаруасы шығып қалды» деп құтыла алмаймын ғой, отыр, аялда, шырағым…» дегенде қоқиып отырған Тұраштың тізесі бүгілe беріп еді-ау. Шу асауды тулатпай жуасытқандай етіплікке қайран қаласың, о, жарықтық Жүкең молда-ай!..

«Бұл әңгіме жарықтықты айту да керек деп отырғаным содан ғой», – деп Алмас жырау әңгімeнiң әлқиссасын бастап еді.

 

Ұ.Нұрғалымның «Дайағашшы» кітабынан...

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс