Әр адам - бір әлем. Өз қасиеттері мен кемшіліктері бар.
Әр адам - қадірлі: бірі - ата-анасына, бірі - перзенттеріне, енді бірі - бауырлары мен дос-жаранына.
Әр адам - қымбат: бірі үшін түкке тұрғысыз көрінсе, енді біреулеріне үлгі, еліктегісі келеді.
Әр адам - біреудің жүрегі, біреудің тілегі, біреудің арманы.
Жүрек демекші, адамды адам ететін де кеудеде соғып тұрған сол бір жұмыр ет емес пе?!
Жүректі абайлаңыздаршы...
Тез шытынайды, демде қирайды...
Сыйласу үшін - сырлас болу маңызды емес. Құрметтеу үшін қорқудың да мәні жоқ. Сүйкімсіздің бәрін сорлы деп ойлау - қателіктің үлкені.
Адамның бәрін жел бесік қалай тербеп көтерсе, жер бесік солай қайта құшағына алады...Бұл жалғанда жалғыз ақиқат - осы.
Тек...
Бірін көріп пікір қыласың, бірін көріп шүкір етесің!
P. S. Кейде жәй ғана пенде екенімізді ұмытып, өзімізге тым көп алып қоямыз. Қолымызға берілген мүмкіндік арқылы адамдығымыз сынға түскенін сезбей жатамыз. Тәкаппарлық тағынан түсе білмегенді тағдырдың қалай түсіретініне де талай рет куә болдым.
Бәрі өткінші…
Алла жақсыларға жар болсын, жамандарды кешірсін