Өмір адамдардың қол жеткізген нәрселеріне қарап емес, өздеріне қарап мәміле жасау керектігін ескертеді. Өзі мен қол жеткізген дүниесін қалай ажыратамыз?
Мұны да Абай атамызбен түсіндірсек оңай болар. Өзі деп отырғанымыз ол - адамның мені, ал қол жеткізген нәрсесі - оныкі. Абай атамызша:
...Адам ғапыл дүниені дер менікі,
Менікі деп жүргеннің бәрі Оныкі.-дейді.
Сонда біздің қол жеткізген дүниемізге көзге көрінген материалдық құндылықтарымызбен қатар тәнімізде кіріп тұр. Өлеңнің жалғасында:
Тән қалып, мал да қалып, жан кеткенде,
Сонда ойла, болады не сенікі..?-деп сұрақ жолдайды. Расында менікі деп жүрген киіміміз, үйіміз, көлігіміз, қолымыздағы смартфонымыз жалпы мал-дүниеміз, тәніміз осы дүниеде қалғанда, Сенде еш нәрсе қалмайды деп ескертеді.
Ал сонда өзіне, меніне қарап мәміле жасар болсақ сүйенеріміз не? Нағыз өзіміз, меніміз деп нақты нені айтамыз?, ол неден тұрады? дегенде Абай атамыз оңай ажыратып береді:
"Ақыл мен жан — мен өзім, тән — менікі,"- дейді.
Демек адамдармен қол жеткізген нәрселеріне қарап емес өзіне қарап мәміле жаса деген ойдың мәні осы жерде ашылады. Сонда ақылына қарап мәміле жасап, сый-құрмет жасау қажет болатындығын аңғарамыз.
Дегенмен мынадай кері ойлар да кездеседі. "Бүгінгі таңда адамдардың бәрі ақылды, ақымақ адам жоқ" деген уәждер айтылады. Хәкім "Тіршіліктің несі сән, Тереңге бет қоймаса деп және тереңдей түседі. Мұнда Абай атамыз нақты ақылдың қандай болу керектігіне де критерий қойған. Ол қандай десек: "НҰРЛЫ АҚЫЛ" дейді. Ақылдың өзі болса, онда ол менікінің қамы үшін қызмет етеді, қазақ оны қарынның қамы дейді.
Ал НҰР сөзі басқаға бағытталған құндылық, мәні жарық сыйлау, сәулесін түсіру, нұрын шашу, айналаны жарыту сынды ойлармен өрнектелмек. Абаймен жалғасақ:
"Мазлұмға жаның ашып, ішің күйсін,
Харекет қыл, пайдасы көпке тисін."-деп Нұрлы ақылдың мәнін басқаға тигізген пайдамен өлшейді.