Пайғамбарымыз (с.а.у.) Әшәж Абдул-Қайсқa (р.a.) былай деген: “Расында сенде екі қасиет бар, Aлла Tағала сол екі қасиетті жақсы көреді: Ол хилим(жұмсақ мінез бен төзім) және (асықпай) байыппен әрекет ету”. (Сүнән Tирмизи)
Мұқияттылық – бірдеңені сәтімен орындау, атқару үшін қажет нәрселерді алдымен ойланып дайындық жасау. Соңы беймәлім, күмәнді істерге асықпау керек. Тиісті шараларды қарастырып, дайындықты жасап тәуекелмен іске кірісу.
Мұқият болмай ізгілікке жету мүмкін емес. Оның жалғыз өзі жеткіліксіз; сергектік (қырағылық) пен ықтияттылық (тиянақты, байыпты болу) қатар жүреді. Дұрысты бұрыстан ажырату үшін орынды ойдың өлшеміне жүгінбей бірдеңе тындыра алған адамды мұқият жан деуге болмайды.
Мұқият әрекет ететіндер өкінбейді. Дей тұрғанмен, шектен тыс ықтиятты болу, кейде жаман ойдан да туындайды. Сол үшін бастамада күмәнді, орынсыз ойға берілмеу керек. Уақыты келген қайырлы істе асықпай әрекет етудің қажеті жоқ. Ал әлі уақыты келмеген істе асығу өкінішке себеп болатындықтан дұрыс емес. Бір хадисте былай айтылады: “Ықтияттылық (тиянақты, мұқият әрекет ету) Алладан, aл асығыстық шайтаннан”. Басқа бір хадисте былай дейді: “Ақыреттен басқа кез келген істе ықтияттылық қайырлы”.
Мұқияттылыққа қатысты мына мәселелерге ден қою керек:
Бір істің серіктестері, оған қатысы барлардың саны көбейсе, әрбірі өзінше әрекет ететіндіктен тиянақтылық бұзылады.
Іске мұқият кіріскен адамдар арасында екіжүзді, күншіл (көре алмайтын) біреулер болса, іске жаман ниет араласатындықтан мұқияттылық ақсайды.
Білмейтін нәрсені өзінше ойлап, оны білетін біреуден сұрамай, яғни кеңеспей қолға алған шара нақтылықтан аулақ, неғайбыл, шамаланған нәрсе болғандықтан алда жақсы нәтиже шықпайы мүмкін.
Қысқасы, мұқияттылық - жақсыны жаманнан, дұрысты бұрыстан ажырататын, өмірдің әр жылын, әр күнін ақылмен, хикметпен бағалап, дұрыс басқаруға көмектесетін ізгілік.