Иманды жүрек сират көпірінен өтіп бара жатқан кезде, тозақ оты дауыстап:
“Ей иманды жүрек! Тезірек өтші, сенің нұрың жалынымды өшіре жаздап жатыр!”-дейді.
***
Мен ешқандай дінде жоқпын.
Менің дінім - махаббат.
Әр жүрек менің мешітім.
***
Маған адам бейнесінде қарама.
Мен, қарап тұрған сенің ішіңдемін.
Махаббат зор боп тұрғанда, формаға орын жоқ.
Біз өліп кеткенше күтудің қажеті жоқ.
Осындағы ақшалар мен даңқтан, және қуырылған еттен де жақсы нәрселер бар.
Қаламызда жаңадан ашылған, үйіміздің осы бір қарап отыратын жаңа тармағын қалай атаймыз, онда адамдар тып-тыныш отырады, олар қарап отырған нәрсе жауап секілді боп нұрша төгіледі.
***
Анық көрініп тұрған: “Міне мен, басқа ештеңе іздеме,”-десе.
Тығылып тұрғаны: “Жақсылап қара және анықтап үңіл!”-дейді.
Анығы: “Ішінде ештеңе жоқ,”-десе,
Жасырын тұрғаны: “Сабырлы бол, саған бәрін көрсетем,”-дейді.
***
Жолаушы, қажы, кеткенді жақсы көруші -
Онда тұрған ештеңе жоқ.
Бұл керуен - үміт үзуші керуен емес,
Антыңды бұзып қойсаң да кел бізге
Мың рет кел, тағы да кел қалқам.
***
Сенің жүзің емес пе баудың әсемдігі?
Сенің жұпарың емес па оны мас қылып тұрған?
Сенің рухың емес па бұлақ жылмасын өзенге айналдырған?
Мыңдаған адам сені іздеді, іздеп жүріп мерт болды.
Осы бауда, сен перде артында тығылып тұрған жерде.
Бірақ бұл дерт сүйетін адамдарға арналған емес.
Сені осында тауып алу керек.
Сен желдесің және осы шарап өзеніндесің.
***
Өлі едім,
Тірілдім,
Көздің жасы да
Күлкісі де болдым.
Бәрі де келген
Махаббаттың арқасы.
Ол келген соң
Уақытша өмірім
Мәңгілікке айналды.
Махаббат айтты -
Онша ақылды емессің деп,
Сен бұл үйге
Лайықты емессің деді.
Содан соң мен жынданып кеттім,
Жынданғаным сонша,
Шынжырмен тұзақталып өмір сүретін боламын.
Махаббат айтты -
Қатты мас емессің деп,
Біздің ортаға
жарамайсың сен деп.
Мен бардым да сонша шарап іштім,
Жеңілдігім асып-тасып
Шектен шығып кетті.
Махаббатт айтты -
Бәрібір сен ақылдысың,
Ойлау жүйең мен
Сынап отыру қасиетің тола.
Мен енді бардым да жеңілтек болдым,
Қорыққаным сонша
Осы қапастан құтылдым.
Махаббат айтты -
Сен май шам боп, басқаларды шақырып тұрасың,
Жұрттың барлығы айналаңа жиналады.
Енді мен май шам емеспін,
Айналамда тобыр жоқ,
Бұлтпен ұшқан түтіндеймін.
Махаббат айтты -
Сен ұстазсың,
Әрі басында тұрсың,
Сен барлығының жетекшісісің.
Бұдан былай мен ұстаз емеспін
Ешкімді ешқайда апара жатқан жоқпын,
Мен енді сенің қалауыңның
Қарапайым қызметкерімін.
Махаббатым айтты -
Енді сенің ұшатын
Қанаттарың бар,
Мен саған оған қосымша
Қауырсын бермеймін.
Сол кезде менің жүрегім
Өз-өзінен жарылып кетті
Сөйтіп жан-жақтарынан асып-тасып
Жаңа нұрға толды,
Асып-тасып
Тың сәулеге толған.
Шегінен асқан
Тың өмірге тола.
Енді тіпті аспанның өзі риза,
Себебі мен махаббаттан
Нұр тарап тұрғанға ұқсадым.
***
Поэзия бізге парасатты ақылдың ешқашан қолынан келмейтінін айтады, тіпті сөздердің нақты нені білдіретінін бірден анықтау оңай болмаса да, жүрек поэзияның шындығына жауап береді. Бұл шындықты жүрек естиді.
Жәлаладдин Руми поэзиясын жүздеген жылдар бойы адамдардың ақылымен емес, жүрегімен білетінін еске салып келеді; бүгінде ол әрқашан қандай мағынада болса, дәл солай білдіреді, өйткені ол бізге уақыт өте келе өзіміз туралы айтады.
Біздің өмірімізде бар осы керемет үшін рахмет!
аударған Жүрсін Кәрім