КИЕЛІ БЕСІКТЕН - КИЕЛІ ҰРПАҚ ӨСЕДІ

КИЕЛІ БЕСІКТЕН - КИЕЛІ ҰРПАҚ ӨСЕДІ

1334
7 мин
КИЕЛІ БЕСІКТЕН - КИЕЛІ ҰРПАҚ ӨСЕДІ

Бесіктегі бала бес түлеп өседі.

(Мақал)

Қазақ халқы — адам өмірінде үш бесікте өмір сүреді деп есептейді. Бұл “үш бесік те киелі беік” деп саналады. Бірінші бесік— ана құрсағы. Екінші бесік — тал бесік, яғни өмірге келгеннен кейін баланы бөлеп, өсіретін “өмір бесігі.” Үшінші бесік — жер бесік, адам қайтыс болғанда оны жерлейтін “мәңгілік жер бесік” деп аталады. Осы үш бесік те ерекше құрметке ие, бірақ олардың ішінде ұлы бесік — тал бесік, яғни “өмір бесігі”. Қазақтар оны ерекше қасиетті бесік деп қастерлейді.

Қазақ шаңырағында баланың дүниеге келуі үлкен бақыт саналады. Ұл бала туғанда, “Ұл туғанға күн туады” деп қуанса, “Қыз туғанға құт қонады” деп шаттыққа бөленеді. Ұл мен қызды болашағына балап, бақытына санап ұрпағына бақыт іздеп бақытты болып өмір сүреді. Сол үшін баланы бесікке салу тойын жасап, бүкіл ауыл болып думандатады.

Баланы бесікке салу дәстүрі

Бесік — бала үшін тек ұйықтау төсегі, жатын орын ғана емес, ол ұлттық салт-дәстүрді, ана тілін, ұлылықты сәби санасына сіңіретін алғашқы тәрбие ұясы. Бала тәнін түзеп, денесін шыңдап, рухын жебеп өсіретін киелі құтты құндағы болып табылады. Сондықтан Бесікті табиғи материалдардан ағаш пен киізден жасайды. Ағаш бесіктер ұзаққа шыдас береді, ал киізден жасалған бесік балалар денсаулығына зиянсыз және ауа өткізгіш келеді де баланың жайлы жатуына қолайлы болады.

Бесікке салынған ою-өрнектерінің мәні

1. Бесікке салынған ою-өрнек оның көркін ашып, баланың бесігін қымбатын әрі сән-салтанатын көрсететін символы болып есептеледі.

2. Бесіктегі ою-өрнектер балаға тіл мен көздің сұғынан қорғаныш қызметін атқарады. Сұқ көздердің назары балаға емес, бесіктің әшекейлеріне ауады да бесіктегі балаға тіл мен көздің сүғы тимейді деп ырым етеді.

3. Бесіктегі ою арқылы баланың ұл не қыз екенін аңғаруға болады.

4. Бесіктің әшекейіне қарап, ол үйдің ауқатты немесе қарапайым екенін байқауға болады. Бағы замандағы бай, бардам адамдар ұл баланың бесігін, күміспен күптеп, қошқар мүйіз оюмен әшкейлеп жасаса, қыз баланың бесігін алтынмен аптап, көз сүрінердей әдемі өрнектермен зерделеп жасататын болған. Адамдар сол бесік үлгілеріне қарап, ол үйдің бай, бардам адамдар екенін бірден айтқызбай танып алып отырған. Қазақта “бай баласы екеніңді бесігіңнен таныдым” деген сөз бар.

Қыз бен ұлдың бесік белгісі

Ұлды тәрбиелесең,

Бір отбасын тәрбиелейсің.

Қызды тәрбиелесең,

Бір ұлтты тәрбиелейсің.

(Бабалар идиясы)

1. Қыз баланың бесігіне көбіне “қызғалдақ” не ”гүлді” оюлары салынады, ал ұл баланың бесігіне “қошқар мүйіз” оюлары түсіріледі. Гүлді оюлар — қыз баланың нәзіктігін, ибалылығын көрсетсе, Қошқар мүйіз оюлар — ұл баланың батыр, мықтылығын бейнелейді. Бұл “ұлым ұлағаты болып өссін, қызым қырмызы болып өссін” деген жақсы тілектіктің , таза тектіліктің дәстүрге көшкен заттанған бейнелі (обыразды) көрнісі.

Ұлды бесікке салғанда, “батырым” деп салады. Оның жастығының астына қамшы, садақ, қанжар, жебе сияқты қару-жарақтар қояды. Анасы батырлар жырымен әдилеп ұйықтатады. Ол ұлымыз ел мен жерін қорғайтын жау жүрек батыр болып ержетсін деген жақсы ырымды тәрбиелі дәстүрі. Ал қызды бесікке салғанда “қырмызым” не “қызқалдақ құтым” деп салады. Оның жастығының астына сарала сапты қамшы не қымбат бағалы зат қояды. Ол қызымыз қырмызы сұлу, әдепті болып өссін деген ізгі тілегінің көрнісі.

2. Қыз баланың бесік көрпесі ашық түсті, гүлді, жұмсақ жібек маталардан жеңіл етіп жасалады. Бұл қызымыз гүлдей құлпырып, ибалы, сыпайы болып өссін деген ырымды білдіреді. Ал ұл баланың бесік көрпесі біркелкі, қарапайым түсті, мақта немесе жүн матадан тігіледі. Мұның мәні — ұлымыз ақылды, арлы, жауынгер азамат болып өссін деген тілекті ырыммының туындысы.

Бесікке бөлеу әдебі

1. Баланы бесікке бөлеуден бұрын, алдымен оны аластау қажет. Арша мен адыраспан сияқты қасиетті шөптерді тұтатып, бесікті аластап тазартады. Шүмек пен түбекті жуып, кептіріп, бала жататын орынды жұмсақ әрі жайлы етіп дайындайды. Аластау — жамандықтан, көз тиюден қорғайтын қасиетті ырым саналады. Бесікті аластаған кезде бесікке үйір болып жүрген жын-жыбырлар оттан қашып, мокровтар өлнді. Бесікті аластаудың негізгі мәні осы.

2. Дайын бесікке ана баланы ерекше ұқыптылықпен ақ тілек айтып отырып бөлейді. Оның қол-аяғын түп-түзу етіп, қолбау мен аяқбаумен мықтап құндақтайды. Бұл баланың денесі түзу әрі мықты болып өсуіне, мінезінің сабырлы болуына және тыныш ұйықтауына жағымды әсер етеді.

3. Баланы бесікке салғанда басқа жаман сөздер айтпайды, қопал оғаш әрекеттер жасамайды. Іштей жақсы тілектер тілеп отырып, баланы жайлы етіп бесікке бөлейді. Баланы бесікке салып отырып, айһайласа, жаман ой ойлап, нашар сөздер айтса, баланың болшағы жақсы болмайды деп қорқады.

Ана әлдиі — ұлы идияның бастауы

Баланы бөлеп болған соң, анасы оны емізіп отырып, әдемі күміс қоңыралы жағымды үнмен, әлди жырын айтады:

Әлди-әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат, бөпем.

Батыр бол балуан білекті,

Батыл бол, таймас жүректі.

Халқыңа бас бол патшадай,

Орында ана тілекті!

Ана әлдиі арқылы баланың балғын құлағына бақытты сөздің нұрын құяды. Сәби көзін еді ашып, айаласына аң-таң қарап, сәби санаман анасын енді -енді тани бастаған шақалаққа анасы ұлттық ұлы ұғымдарға айналған мейірім, батырлық даналық сынды ұлы жырды әлди өлеңге айналдырып бала зердесіне ұялата бастайды. Қазақтың «ана сүті баланың бойын өсірсе, ана тілі оның ойын өсіреді» деген сөзінің түбінде түңкелі ой, түйедей үлкен тағылым емшегі жатыр. Бұл ұлы тәрбиенің бастауы, ана сүтімен бірге емген ана тілінің қасиеті, әлди жырының бесіктегі баланы бес түлеткен ұлы құдіреті, ұлы қазақтың ұзақ ғасырлардағы қалыптастырған ұлы идиялық тәрбие мектебі деп тану қажет.

Ұл баланы батырлық жырмен әлдилеп тербеп ұйықтатса, қыз баланы әдеп, жырымен угайлап көзін іліндіреді. Бұдан біз — «Ұлы қазақтың» ұлы ұрпағы бесікте жатып-ақ, «ұлы қазаққа» айналғанын, киелі бесік тәрбиесінің шексіз ұлы құдіретін түсінеміз.

Неге?

Ата қазақ “балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі” деді емес пе?!

Төрдегі бесіктен, отбасы ошақ қасыннан, уыз құлаққа құйылып, сәби санаға сарарлап құйылған ұлы идеялар — отанды сүю, ел мен жерді қорғау деген ұласпалы ұлы ұғымдар «тал бесіктен жер бесікке дейін» жалғасып, ұлы тәрбиенің үзілмейтін дәстүрлік мектебі деп тану керек.

 

Болат БОПАЙҰЛЫ

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс