Көре алмау деген қазақ сөзінде үлкен мағына мен әулиелер мектебінің ізі жатыр
Көре алмау сөзі қызғанышты меңземейді керісінше адам білімі мен өресі деңгейінен хабар береді. Көре алмайды дегенді қазір күндеу деп түсінеміз, олай емес ол сөздің мағынасы ойлау деңгейі машықтанбаған төмен сатыда тұрған адам ойлау деңгейі жоғары сатыдағы адамның ойын біле алмайды, төменде тұрған адам жорғарыда тұрған адамға не көрініп тұрғанын көре алмайды дегені, төмендегіге жоғары көрінбейді дегенді осы бейбіт сөз арқылы жеткізген.
Мағынасын қарап отырсаң көре алмау сөзі көркем мінездіден яғни әулиелердің диалекті екенін түсінесің.
Ол сөзде ия зіл ия жамандыққа жору, жаман ниетке меңзеу жоқ көркем ойдан туған сөз.
Ал сол көре алмау заңдылық емес пе ойлап отырсаң. Біз осы қазақ сөздері мағынасына мән берсек көңілде кірбің қалмайтын көркем мінезден туылған әрбір қазақ сөзінен бейбітшілік пен ымырашылдық, адалдық пен әсемдік, бауырмалдық пен ғылыми негізді ғана көрер едік. Ғажап тіл ғой біздің ана тіліміз. Тікенсіз, ғылыми негіз бен емдік сөздер қаншама санасаң сан жетпейді. Айналайын, садағаң кетейін сөзінде ем бар. Тілдің көркемдігі мен байлығы терең де үлкен мәдениеттен туындағаны анық.
Қазақта әр сөздің әсері мен мағынасын білгендіктен сөйлей білген адамды құрметтеген, сөзге тоқтаған, сөзді қатты құрметтеген, сөздің мағынасы мен киесін құрметтеген, уәдеге берік болған, уәде сөзбен бекітілген.
Сөз құдыретіне сиынған, бітім мен байлам да сөзбен ақ қағазсыз, мөрсіз бекітілген.
Сөз сүйектен өтеді, сөз сүйекке таңба салады, сөзіне қарап адамның тектілігін анықтаған. Әр сөзде асыл қасиет бар себебі, бата деген сол сөзбен берілетін жақсылық. Жақсы сөз жарым ырыс деген батамен ғана жақсы іс бастаған атам қазақ.
Сөзді жерге тастамаған, сөзден аттамаған, сөз иесін құрметтеген. Сөзге тоқтамағанды көргенсіз деген. Ол сөздің де мағынасы көргені аз дегеннен шыққан яғни қазақтың әрбір ескерту сөзінде тәрбие жатыр, зіл жоқ бірақ, көргенсіз сөзін естуге қазақ арланған себебі, көргені, яғни тәрбиесі шамалы, әлсіз деген мағына берген. Әр адам, сөз естімеуге ұмтылған.
Сөз білмеген сөйлесе
Сөзді өзіне келтірер.,деген сөз білмегеннің беделі төмен болған.
Сөз қадірін білмеген
Өз қадірін білмейді деген сөздің қадірі мен мағынасын, мақсаты мен мәдениетін біле жүрейік. Әулиелер көркем сөйлеген. Адамның көңілін қалдыру мақсатындағы сөздерді ешқашан қолданбаған себебі, адам түгілі Алланың жаратқан тіршілігі, жәндігін, табиғатты мысалы құмырсқаны басып кетсе немесе жапырақты, шыбықты үзсе дұғасы қабыл болмаған, содан олар жапырақтың Аллалап зікір айтатынын еститін болған. Ғажап емес пе он сегіз мың ғаламның тілін түсінген қазақ тілі.
Жолдыбайқызы Гүлшаттың фб парақшасынан