
Бірде Хасан бірнеше адаммен бірге қажылыққа аттаныпты. Жолда олар бір құдыққа кезігеді. Барлығы шөлдеп, зорға шыдап тұрған, су шығаруға арқандары жоқ.
Сол кезде Хасан:
“Мен намаз оқиын, байқап тұрыңыздар, су жоғары көтерілгенінде, ішіп, шөлдеріңді қандырып алыңыздар,”-деді.
Шынында да солай болды. Бірақ жолаушылардың ішіндегі біреуі су ішіп болған соң, құмырасына су толтырып, жолға алып шықпақ болғанында, құдықтағы су қайтадан бұрынғы деңгейіне дейін түсіп кетті.
Не себепті мұндай құбылыс болғанын сұрағанында, Хасан оған:
“Әңгіме сенің иманыңның толық емес екендігінде боп тұр, себебі біз толығымен Ұлық Құдайдың қарамағындамыз,”-деді.
Фариддин Аттар "Тазкират ул-әулия"
шығармасынан.
аударған Жүрсін Кәрім