قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنْ بَاتَ ذَاكِرًا طَاهِرًا ثُمَّ تَعَارَّ مِنَ اللَّيْلِ لَمْ يَسْأَلِ اللهَ حَاجَةً لِلدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ إِلَّا أَعْطَاهُ اللهُ. (ش)
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Кімде-кім дәрет алып, Aлла Tағаланы зікір етіп ұйықтаса, сосын түн бір уағында тұрып, дүние мен ақырет мұқтажынан сұраса, сөз жоқ, Aлла Tағала оған қалағанын береді”. (Mусаннаф ибн Әби Шәйбә)
Озық табиғиннің бірі Хасан Басри (р.a.) былай дейді:
Бірде тақуа бір жаспен Басра көшесінде келе жатып бір дәрігерге кезіктік. Бір жерде отыр, өзін қаумалап біраз адам қоршап алған. Бәрі ауруына дәрі сұрауда екен. Қасымдағы жас, дәрігерге жақындап:
“Уа, дәрігер! Сізде күнәларды жуатын және жүрек кеселіне ем болар дәрі бар ма?”деп сұрады.
Дәрігер “Иә” деді де, былай жауап берді:
“Пақырлық пен кішіпейілділік ағаштарының тамырын ал, оған тәубе өрігін қос, риза келісінде қанағат келсапымен түй. Сосын тақуа қазанына сал, үстіне ар-ұят суын құйып, махаббат отында қайнат. Шүкір кесесіне құй, үміт желпуішпен салқындат және хамд-мадақ қасығымен іш.
Айтқанымды істесең, дүние мен ақырет дертіне дауа табасың”.