Адам рух әлемінен келген. Расында мына дүниеге келгенде ол рух әлемін аңсайды, Рабб құшағын сағынады. Сол сағынышты, аңсарын басуда оның “екінші жаратушысы” анасы.
Мына жарық дүниені ашқан рух туған анасынан өзінің бұрынғы келген әлеміндегі құшақты, махаббатты, жылулықты “салыстыра”сезінеді. Содан толысқан сайын ең алғаш келген әлеміне деген, Раббы туралы сезім, таным, білім, сенім, махаббат арта бастайды.. Себебі, ОЛ махаббатпен жаратқан.
Махаббат адамның табиғатында сақтаулы. Ал адамның табиғаты, мәні рух…
Мына дүние адам үшін Раббысынан ең қашық жер. Алыс болса да, мына өмірде алысып, соны іздеумен өтеді. Бірақ көбі нені іздегенін дөп баса бермейді… расында адамдар дүниеге келгенде о әлемді, рух әлемін жоқтайды, жетімсірейді.
Рабб осы сезімді тежеу үшін ана, ата, бауыр, отбасы берген… Ал мына дүниеде анасыз, анасыз қалса ше, міне нағыз тұл жетімдік сонда басталады. Бірақ, жетім қозы отығар, отығар да жетілер деген. Мына ғұмыр сені мәңгіге қарай жетелейді де тұрады.
Сондықтан Абай, ғұмырдың өзі ақиқат деген. Ол ақиқат сенің рухың, менің… ол махаббаттан жаралған… адам ол біртұтас, оны сәбилік, балалық, ересек, қариялық шақпен бөлшектей алмайсың… ол тұтас ғұмыр!
Досай КЕНЖЕТАЙдың фб-дағы парақшасынан