БІР АЯТТЫҢ АЯСЫНДА

БІР АЯТТЫҢ АЯСЫНДА

232
4 мин
БІР АЯТТЫҢ АЯСЫНДА

“(Уа Мұхаммед!) Егер құлдарым сенен Мен жайлы сұраса, Мен оларға өте жақынмын...1

Сөзбе-сөз:

Уә - жаңа сөйлемнің басталуы

Іизәә - егер (мекен мен уақыт білдіреді)

Сә әлә - сұрады (іизәә екеуі біріккенде сұраса, сұрағанында сұраған кезде, жерде дегенге саяды).

Кә - сенен (тікелей сенен ғана, сен арқылы)

Ғибәәд - құлдар

Ий - менің (құлдарым)

Ғәнний - Мен жайлы, туралы (Сә әлә ғән харфі жәррімен келгенде)

Фә - онда, олай болса және демек

Иний - сөзсіз, күдіксіз, расында, шынында Мен

Қарииб - өте жақын, жап-жақын. Жақындығы өлшем бірлігінің заңдылығымен емес. Құранда дәл осы қалыпта тағы екі жерде келеді. Ол екі аят екеуіде Меккелік2.

Осы аят аясында ойға оралғандар:

1. Бұл Мұхкәм аят. Мағынасы анық айқын демек.

2. Сә әлә деп өткен шақпен бір мәрте ғана келген.

3. Мәдинада түскен.

4. Ешбір әһлус-Сунна уәл-жәмаға ғалымы бұл аятты ақидада дәлел ретінде келтірмеген.

5. Ең ашық мағынасы дұға етушінің дұғасы сөзсіз қабыл болатындығы.

6. Бұл аят Раббымыз жайлы сұрақ сұрағысы келгендерге ашық бағдар.

7. Жаратушы Алла жайлы барлық сұрақтар тікелей Алла елшісінен сұралады.

8. Әйнә Алла? - деп сұраушыларға бақандай ап-айқын жауап.

9. Қарииб есімін Алланың 99 есімі “Әсмәәул-Хуснәә”дан дегендер бар.

10. Қарииб деп жауап берілгеніне қарап, алыс па, жақын ба? - деген сұраққа жауап екенін түсіну қиын емес.

11. Алла Тағала Ғаршыда немесе Аспанда дегендердің ауызына құм құятын жауап.

12. Алла жайлы “Әйна/қайда” - деп сұрауға болмайды деушілерге де ашық жауап.

13. Алла елшісімен тәуәссул жасауға нақты дәлел.

14. Алла елшісі дүниеден озғаннан соң, Ол кісіні дәнекер жасауға болатындығына да жойқын дәлел.

15. “Олар өздеріне қиянат жасаған кезде саған келіп, Алладан жарылқау тілесе...” - деп келетін аят тағы бар3.

16. Құраншылар деген адасушы топтың топшылап, Құдай бізге жақын, Бес уақыт намаз оқымай-ақ алақан жайып тілек тілей береміз деулеріне де ірі тойтарыс. Яғни Әз елші дұға-тілек пен қатар құлшылығын да өмір бойы атқарып өткен. Өйткені олда Алланың әмірі4 еді.

17. Құдайды алыс сезу түсінігінің күлін көкке ұшырады.

18. Қарииб есімі мағынасы жақын болғанымен, ол жақындық дене, заттық тұрғыда мүлде емес. Өйткені екі нәрсенің бір-біріне таяуы жақындауы немесе екеуінің бір-біріне қарай жылжуы, әйтпесе бірінің артынан ерген екі нәрсенің алғашқысы тоқтап соңғысы әрекетте болуды білдіреді. Қарииб есімінің жақындығы рухани жағы.

19. Қариибун есімі үш жерде де осы нәкира/белгісіз пішінде келеді. Бұл дегеніміз Менің құлдарыма жақындығым белгілі мағынасында әсте емес демек.

20. Алланы сүйіп жақсы көрсеңдер5 аятының сыры осы тәріздес

 

Сілтемелер:

1. Бақара сүресі - 186 аят.

2. Қосымша қараңыз: Һуд сүресі - 61; Сәбә сүресі - 50 аят. Сәбә сүресінде Сәмииғун Қариибун. Һуд сүресінде Қариибун Мужиибун деп келген.

3. Ниса сүресі - 64 аят.

4. Хижр сүресі - 99 аят.

5. Әлу Ғимран - 31 аят.

 

Берікбай ГЕРМАНҰЛЫ,

Баянауыл ауданы «Мұса-Мырза» мешітінің ұстазы

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс