АУЫРҒАН АДАМНЫҢ КӨҢІЛІН ҚАЛАЙ СҰРАЙДЫ?

АУЫРҒАН АДАМНЫҢ КӨҢІЛІН ҚАЛАЙ СҰРАЙДЫ?

3222
2 мин
АУЫРҒАН АДАМНЫҢ КӨҢІЛІН ҚАЛАЙ СҰРАЙДЫ?

Науқасты зиярат еткенде науқастың амандығын біліп, қуантып, жүрегіне қуат беру Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннеті. 

Әбу Саид әл-Худри радиаллаһу анһ риуаят еткен хадисте: «Науқастың көңілін сұрап барсаң, оны жұбат. Өйткені бұл оның жүрегіне жылулық сыйлайды». 

Бұл хадистегі жұбатудағы мақсат, науқастың көңілінен шығатын сөздер айту. Яғни, «Әлі-ақ жазылып кетесің. Ауру – күнәлардың кәффараты, сауапқа себеп» деген сияқты сөздерді айтуы керек. Мүминдер мұндай сөздерге риза болып, қанағаттанып қалады. Сондай-ақ бұл хадисте өте күшті дәріге сілтеме бар.

Өйткені науқастың көңілін көтеріп, жүрегін нығайтқандай пайдалы дәрі болуы мүмкін емес. Осының арқасында дене қызуы көтеріліп, науқасқа ауруды жеңуге және науқаста біршама жеңілдік сезінуге көмектеседі.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) науқастардан: «Қалай ауырып қалдыңыз? Қалдарыңыз қалай? Жүрегің не қалайды?» - деп сұрайтын еді. Науқас бірдеңені қаласа және ол науқасқа зиянын тигізбесе, оны беретін.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мүбәрак қолын науқастың маңдайына қойып, дұға етіп, ауруына пайдалы кеңестер айтатын. Кейде:

«Уайымдама, Алла қаласа, бұл ауру сені (күнәлардан) тазартады», – дейін немесе «сен үшін бұл каффарат, тазару болады» - деп айтар еді. Айша анамыздан (р.а.) жеткен хадисте былай делінеді:

«Пайғамбарымыз (с.а.у.) науқасты зиярат етуге барғанда мүбәрәк қолын науқастың ауырған жеріне қойып, «Бисмиллаһ» деп айтатын».

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс