«Мен бір кеңпейіл, ақжүрек кісімен дос болғанмын, сосын анда-санда сол кісіге кеңпейілдік жасаңыз деп, көмек сұрап келіп тұратынмын,-деді Асмаи. Бірде оның есігінің алдына келсем, кіргізіп тұрушы кісі, мені қожайынына кіргізбестен:
-Ей Асмаи! Сені ішке кіргізбей тұруымның басты себебі, әзір қожайынымның өзі жетіпеушілікте, кедейлікте жүр.
Сол кезде мен мына екі қатарды жаздым:
«Кеңпейіл деген сен сараңнан қай жерің артық,
Перде түсіріп, тығылып ұялып жатып алсаң».
Мен оны қожайыныңа бер деп, кіргізіп тұрушыға бердім. Сәлден соң ол оралып, қолыма менің берген қағазымды ұсынды, оның арт жағына былай деп жазып қойыпты:
«Қайғырып жатыр, жалған сөзі жоқ,
Сұраушы көп, тарататын ештеңем жоқ».
Әлгі жазбамен бірге ол әмиян беріп жіберіпті, ішінде бес жүз динар бар екен.
«Мұндай жағдай ешқашан менде болған емес»,-деп ойладым мен. Мен бұл жағдайды аль-Мамун мен жанындағы кісілерге айтып берейін, бұл шынында да қызық оқиға боп, оған ерекше сыйлық боп тұр». Сосын мен аль-Мамунға бардым.
-Асмаи, қайдан келдің?-деп сұрады басшы.
-Мен бір кеңпейіл, ақжүрек, жомарт араб үйінен келдім,-дедім.
-Кім еді ол?
-Мені өз даналығына жалғап, бай еткен адамнан,-деп мен аль-Мамун алдына қағазым мен әмиянды қойдым.
Әмиянды көрген ол бозарып кетті де:
-Менің қазынамның мөрі басылған әмиян! Мен оны алдыма шақырғым келеді,-деді.
-О мүміндердің әміршісі,-дедім мен. -Құдай атымен айтайын, сарбаздарыңыздан оған қандай да бір қауіп төне қалса, маған ұят болады,-дедім мен.
Сол кезде аль Мамун төңірегіндегілердің біріне:
-Асмаиға еріп ана кісіге барып, оған айт: «Басшы сені алдына шақырып жатыр»,-де, бірақ ештеңе біліп қоймасын.
Ол кісі алдына келген кезде:
-Кеше ғана сен осында келіп, жалынып-жалпайып отырып тұрмысыңның нашарлығын айтып қаражат сұраған жоқсың ба? Мына әмиян саған қиналған кезде жағдайын түзесін деген ниетпен берілген еді. Ал бүгін сен Асмаидың екі ауыз сөзіне бола осының бәрін бере салыпсың.
-Алла атымен ант етейін,-деді танысым, -кешегі сізге айтқанымның бәрі рас. Бірақ Асмаиді бос қайтарғым келмеді, себебі мен көмек сұрап барғанымда басшы мені бос қайтарған жоқ еді ғой,-деді.
Осы әңгімеден соң, аль-Мамун осы жомарт адамға мың динар беруге тапсырма берді. Сол кезде мен шыдай алмай:
-О мұсылмандардың әміршісі, мені де сол кісімен бірдей қылып теңестірсеңізші!-дедім.
Аль-Мамун маған беретін сомасын мың динарға жеткізді. Ал әлгі жомарт кісіні өзіне уәзір қылып алды.
Жомарт адамның қаражаты таусылған кезде,
Есігін жауып алады, кедейден де кедей боп.
Ал сараң ыңғайлы болу үшін, есігін жабады,
Әмияндағы дирхемдері оның соңына еруі үшін.
Джамидің сопылық хикаялары
аударған Жүрсін Кәрім