Абдураззақ Самарқанди — Абдар-Раззақ Камал ад-Дин би Жалал ад-Дин Исхақ ас-Самарканди — (1431-1482) — тарихшы. Ғиратта туып, сонда қайтыс болған.
Өмірінің көпшілігін Самарқандта өткізіп, білім алды. 1429 жылдан бастап Мауараннахр әмірі Шаһрухтың сарайында қызмет етті. 1441-44 ж. Үндістанда, 1446 жыл Ғилянда елші болды. Шаһрух қайтыс болғаннан кейін оның мирасқорлары — Мырза Абду-л-Латифқа, Мырза Абдоллаға және Мырза Әбу-л-Қасымға қызмет етті.
1463 жыл бастап Шаһрухтың Ғираттағы дәруіш мешітінде шайхы болды.
***
Қатар соқса қос ғашықтың жүрегі,
Қосылуға белді буса тілегі.
Ондай хабар тез тарайды өңірге,
Өйткені ол кем кездесер көңілде.
Бас айналар армандаған бақыттан,
Жарқыраған алқа тағар жақұттан.
***
Ашуларын баса алар сабырмен,
Кінәліні кешіре алар қадірмен,
Шындығында мұндай жандар бақытты.
***
Махаббатта болмаған жан шынайы,
Екіжүзді саналады ұдайы.
***
Бір кездегі досыңыз жау боп шықса егерде,
Жақсы көр де нығайтқын достығыңды, бөгелме.
Күтпесең сен су құйып, ағаштар да гүлдемес,
Оған дәйім қамқор бол, қиындықты бірге кеш.
***
Махаббатқа бөленбей өткізген жан жас шағын,
Өмірін бос өткізген, парқын білмес басқаның.
***
Жүрегіңді бұл махаббат жайлайды,
Содан кейін тіліңді де байлайды.
***
Төрт жағдайда шығаруға асықпағын үкімді:
Біріншіден, ас жеген жан қорытқанша тамағын,
Екіншіден, жүкті әйел босанғанша баласын,
Үшіншіден, жауынгер жан өткізгенше жарағын,
Төртіншіден, егінші де жыйсын егін даласын.
***
Досыңның сен көтергейсің қалжыңын,
Ренжісең, ақымақ боп алжыдың.
***
Әр күн сайын бір жаңалық туындайды ғаламда,
Тылсымды сол ашу оңай соға қоймас адамға.
Күн секілді жарық болса жарқыраған санамыз,
Тағдырдың бұл жұмбағына жауап та біз аламыз.
***
Жүргеніміз бұл өмірде бақыт деп –
Кездейсоқта бұйыратын жақұт тек.
***
Дүниелік игіліктер – алданыш пен жалғандық,
Құбылмалы жетістікке бәріміз де алдандық.
***
Алаяқтан көмек сұрап, болсаң егер келіскен,
Бар күнәсін оныменен боласың тең бөліскен.
***
Көп нәрсені пайымдайтын дана жау,
Мүмкін құнды бола алар досыңнан.
Дос пен дұшпан даналығын бағалау,
Көңіліңді тыншытады шошынған.
***
Артық нәрсе талап етер адам құр,
Орнын білмес, қарапайым надан бұл.
***
Аштық деген деместі де дегізер,
Арыстанға өлексені жегізер.
***
Орындалмас уәденің барлығы –
Ешқашанда жаумайтын бұлт секілді.
Өтпес қылыш деген де жөн ал мұны,
Жеміс бермес ағаш десең өтімді.
***
Қабылдаған болсаң егер шешімді,
Бұдан былай жоғалтпағын есіңді:
Дана жанды кеңесші қып таңдағын,
Батыл жаннан ақылды жөн алғаның.
***
Әрқашанда Құдай бізге сынақ берген осылай:
Қуанышты өмірден соң қайғы келсе шошыма.
Ауыртпалық қабырғамды сөкті деп те жасыма,
Қиын күндер жақсылыққа ұласқанда тасыма.
***
Кездейсоқ жолың болады:
Қанатың жайып самғарсың.
Қиындықтар да көп әлі,
Кездесетұғын алдан шын.
***
Кеңес алғын өзіңе сен данадан,
Қалмау үшін ақымақ боп адасып.
Мақсатыңа жету үшін қалаған,
Жүргенің жөн оларменен санасып.
***
Қаншама жан бұл өмірден қайтқаны,
Ол жақ жайлы бар ма екен айтқаны?
***
Тынбай іздеп жүргендердің бәрі бірдей таппайды,
Бұл өмірден аттанғанның барлығы да қайтпайды.
***
Қуанышты айналдырар қайғы-мұңға тағдырың,
Кейде қайғы сый етеді бақыттың да таң нұрын.
***
Мемлекетті мығым ұстар іргетастық негізі,
Адалдық пен әділ соттың болуы ғой ең ізгі.
***
Қиындықта қалмас үшін аймаңдай,
Ешқашанда сөз айтпағын ойланбай.
***
Тоқтамағын есің болса бес нәрсе жоқ қалаға:
Біріншіден, әміршісі жұртқа әділ болмаса,
Екіншіден, шұрайлы жер ағын сусыз далбаса,
Үшіншіден, болса егер ғалымдары білімсіз,
Төртіншіден, шебер менен дәрігерсіз – күнің күз,
Бесіншіден, қайырымды жомарт жансыз мекен бұл,
Айыра алмас қасиетін бал мен мынау шекердің.
***
Досыңызды ренжітті екен деп,
Болмашыға тастай берме бекер тек.
***
Ұлылық та, сұлулық та табылады білімде,
Асыл тас деп інжу толы қазынаға жүгінбе.
Бар қазынаң таусылғанда қаласың ғой сан ұрып,
Білімді мен дана жанның қажеттігі мәңгілік.
***
Бір сағаттық құмарлықтың өтеуіне бүгінгі,
Сен жіберіп жүрме енді есепсіз сан жылыңды.
***
Жауыңды да таңдағанда парық қыл,
Ақылыңмен даналықты танытқын.
***
Тамыр жайған дарақты да салалы,
Бір сағатта-ақ құлатуға болады.
Бірақ оның жеу үшін де жемісін,
Қаншама жыл қажет болар сен үшін.
***
Шын қалаған даналықты сый етеді өзіне,
Ақылды жан жүрер ылғи игілікке кезіге.
***
Пайдаланған жан шектен тыс уға қарсы дәріні,
У ішкеннен артық болып, кетер оның сабыры.
***
Ақымақ пен надандардың алған жандар кеңесін,
Жүзеге бұл тілектерім неге аспады демесін.
Ол ақылмен ешқашанда жете алмайсың мақсатқа,
Бұл өмірде ие бола алмайсың сен жақсы атқа.
***
Жала жапқан жанға дәйім сенсе егер кім де кім,
Қиындыққа кезігеді, дұрыс болар білгенің.
Оны түзеу содан кейін жанға ауыр соғады,
Әрқашанда жүректегі арың тұрсын жоғары.
***
Бастарыңда болса егер кішкентай бір ақылың,
Іс білмейтін жанға сенбе болса дағы жақының.
***
Тікенек егіп жаздай сіз,
Жүзім жинай алмайсыз.
***
Қатар соқса қос ғашықтың жүрегі,
Қосылуға белді буса тілегі.
Ондай хабар тез тарайды өңірге,
Өйткені ол кем кездесер көңілде.
Бас айналар армандаған бақыттан,
Жарқыраған алқа тағар жақұттан.
***
Ашуларын баса алар сабырмен,
Кінәліні кешіре алар қадірмен,
Шындығында мұндай жандар бақытты.
***
Махаббатта болмаған жан шынайы,
Екіжүзді саналады ұдайы.
***
Бір кездегі досыңыз жау боп шықса егерде,
Жақсы көр де нығайтқын достығыңды, бөгелме.
Күтпесең сен су құйып, ағаштар да гүлдемес,
Оған дәйім қамқор бол, қиындықты бірге кеш.
***
Махаббатқа бөленбей өткізген жан жас шағын,
Өмірін бос өткізген, парқын білмес басқаның.
***
Жүрегіңді бұл махаббат жайлайды,
Содан кейін тіліңді де байлайды.
***
Төрт жағдайда шығаруға асықпағын үкімді:
Біріншіден, ас жеген жан қорытқанша тамағын,
Екіншіден, жүкті әйел босанғанша баласын,
Үшіншіден, жауынгер жан өткізгенше жарағын,
Төртіншіден, егінші де жыйсын егін даласын.
***
Досыңның сен көтергейсің қалжыңын,
Ренжісең, ақымақ боп алжыдың.
***
Әр күн сайын бір жаңалық туындайды ғаламда,
Тылсымды сол ашу оңай соға қоймас адамға.
Күн секілді жарық болса жарқыраған санамыз,
Тағдырдың бұл жұмбағына жауап та біз аламыз.
***
Жүргеніміз бұл өмірде бақыт деп –
Кездейсоқта бұйыратын жақұт тек.
***
Дүниелік игіліктер – алданыш пен жалғандық,
Құбылмалы жетістікке бәріміз де алдандық.
***
Алаяқтан көмек сұрап, болсаң егер келіскен,
Бар күнәсін оныменен боласың тең бөліскен.
***
Көп нәрсені пайымдайтын дана жау,
Мүмкін құнды бола алар досыңнан.
Дос пен дұшпан даналығын бағалау,
Көңіліңді тыншытады шошынған.
***
Биліксіз бұл жойылады дінің де,
Дінсіз билік жетпес еді бүгінге.
***
Зұлымдықты жасап алып, санамаған оны ар,
Түбінде ол күтпеген бір қасіретке жолығар.
***
Патша егер қазынасын таусылмастай осынша,
Толықтырса өз халқының есебінен қосымша.
Іргетаспен жапқанмен тең шатырының төбесін,
Дауыл шайқап, бір күндері сөгіп кетер көбесін.
***
Жас жігітке үйреншікті не көрері айнадан,
Ал қарт адам ондай сырға баяғыда бойлаған.
***
Сақ болғайсың үй тонайтын ұрыдан,
Абай болғын қулығының сұрынан.
Аңқау болма етегіңді жел түрер,
Байқап қойса селт етпестен өлтірер.
***
Өзге жанның алдында айтқан ақылың,
Сөгістей боп естіледі ақырын.
***
Көрікті етер ақыл ғана адамды,
Осы сый ғой таныстырған ғаламды.
Баста егер ақылың бұл болмаса,
Иттен кемсің, кеуде соғу далбаса.
***
Парасатты бірде-бір жан өмірде,
Дуа жайын ала бермес көңілге.
Құмарлықтан іздемейді қанағат,
Жалғанды бұл елемейді даралап.
***
Ешқашанда қарт жандарды қорлама,
Құрметтегін, көмектескін жолда да.
Бұл өмірден көргені көп мол дана,
Екшей алар болашақты сол ғана.
***
Жақсы сөздер сіңірілген құлаққа,
Сақталады ұзағырақ санаңда.
Кетеміз ғой бәріміз де, бірақ та
Мұра болып сөз қалады жаранға.
Аударған Кенжеғали ҚОШЫМ-НОҒАЙ