Баяғыда бір қысқаметражды фильм көргенім бар. Жаңылмасам жапон фильмі болуы керек. Онда бір жас бала тас қараңғы түнде трасса жағасына шығып, қатты зуылдап бара жатқан көліктерге тас атқылаумен болады. Көліктер сонымен апатқа ұшырайды, ал бала өліп жатқан жүргізушінің жанынан салонды ақтарып, айфон бар ма, басқа да ұсақ-түйекті, ақшаларды алатын. Сөйтіп ол көп адамды өлтірді. Ата-анасы оны құқық қорғаушылардан жасырып, дінбасы қарияға айтып монастырға тығып қояды. Діндар қария оларға ерте ма-кеш па бәрібір бұл ұзаққа созылмайтынын, құқық орнайтынын айтып ескертеді. Сол үшін ол түнде жол жағасына шығып тұруы керек екен, болды, - басқа ештеңе керегі жоқ. Құқық деген осы.
Бозбала оған күлді де, түнде трасса жағасында тұруға кетті. Түкке тұрмас нәрсе! Сол кезде қараңғыдан оған қарай неше түрлі тастар атқылады. Бұрын өзі қанша тас лақтырса, сонша тас өзіне қарай ұшты. Сөйтіп ол бала қайтыс болады. Осындай қарапайым, бас қатырып жатпайтындай фильм. Қанша тас лақтырды, сонша тас ұшып келді. Қандай күшпен лақтырды, сондай күшпен ұшып келді. Ешкім ешкімді жазалап жатқан жоқ. Тек өмірде барлық нәрсе асықпай жәй жүреді, ешқашан бірден бола салмайды, жәй-жәй, бірте-бірте.
Плутарх неге шындық кеш орнайды, неге құдайдың диірмені жәй айналады, деп шыдамсызданып шыж-быж болған. Қылмыскер өзінің жасаған қылмысын ұмытып та кетті! Сонымен болды, құтылдым деп ойлайды... Сонымен ешкім қылмыскерді қайта тәрбиелейін демейді. Тіпті қылмыскерді қойып, адамның өзін қайта тәрбиелемейді. Адамдарға лақтырған тасың қайтып ұшып келеді. Ол қашанға дейін жалғасады, біз оны біле бермейміз. Кейде тез-ақ ұшып келеді, ал кейде тым жәй. Бірақ, бәрі бір сол тас. Бірақ бұл Будда заңы емес, бұл жөнінде бұрын Плутарх та, Еврипид та жазған. Сол сөздерді Лонгфелло мың жылдан соң, құдай диірмені жайлы аударған.
Құдай диірмені асықпайды,
Ұн асықпай ұнтақталуда.
Оның сабыры Ұлық
Уысы Оның қатты...
Сондықтан, қалай болса солай тас лақтыра берудің, құдыққа, немесе адамдарға түкірудің қажеті жоқ. Ауыздан шығатын сөзге де ие болу керек. Аяқ- асты түнде жол жағасына шығып тұрып жүрмелік...
А.В.Кирьянова
аударған Жүрсін Кәрім