АТТАР

АТТАР

375
2 мин
АТТАР

Шейх Фарид-ад-дин Мұхаммед бен Ибрахим Аттар, көбінесе жай ғана Аттар, шын аты-Әбу Хамид Мұхаммед ибн Әбу Бәкір Ибрахим - парсы сопылық ақыны XII ғасыр, көптеген өлеңдердің авторы. Аттардың өлеңдері Құдаймен бірлікке деген құштарлықпен, терең философиялық ойлармен қаныққан.

Аттар жүз он төрт кітап жазды, олардың ішіндегі ең танымалы-тазкире "Тазкират Әл-Авлия" ("Әулиелер туралы әңгімелер"), "Құстардың әңгімесі","Даналық кітаптары", Лирикалық өлеңдер т.б.

***

Зұлымдықты бүгінгі күн жандар болса жасаған,

Тез түзетсін, сол зұлымдық шықпай тұрып тасадан.

***

Қарияны құрметтей біл әзірге жас шағыңда,

Сол құрметке жолығарсың күз түскенде бағыңда.

***

Тәуелді жанға өзіңе,

Мейрімің тұрсын сезіле.

***

Жалқау болсаң үнемі,

Жоқшылық қоршап жүреді.

***

Ғашық жанның махаббаты от болар,

Ақылы да бықсып жанған шоқ болар.

Шын махаббат жаулап алса жүрегін,

Ұстатпайды ақыл оған білегін.

***

Махаббатқа жүргізе алмас ақыл, шіркін, әмірін,

Ақыл деген махаббаттың қия алмайды тамырын.

***

Өмір деген – әсем қала,

Жаның – оның сұлтаны.

Сезім – әскер қашанда да,

Қорғайтұғын нұр тағын.

***

Дұшпандық деген өрт секілді алапат,

Күш алмай тұрып өшіргін.

Тәңірден сұра болмасын деп бұл апат,

Аулаққа салсын көшін мың!

***

Өмір сүрген көпшілікпен сен дәйім,

Мейлі олар кешірімсіз болса да.

Мінезіңді ұнатпаса ол мәйім,

Ортаға сол бейімделгін соншама.

Тастағайсың жамандықты тасаға,

Ешқашанда сен зұлымдық жасама.

***

Дәрігер мен жанға жақын досыңнан,

Ауруыңды ешқашанда жасырмаң.

***

Өмір сүріп жатқан мынау әлемім,

Қараңғы бір қуыс сынды шамы жоқ.

Қараңғыға жайып білім пәлегін,

Жарық қыла аламыз ғой жағып от.

Аударған Кенжеғали ҚОШЫМ-НОҒАЙ

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс