قَالَ النَّبِيُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: ثَلَاثٌ مَنْ كُنَّ فِيهِ وَجَدَ حَلَاوَةَ الْإِيمَانِ أَنْ يَكُونَ اللهُ وَرَسُولُهُ أَحَبَّ إِلَيْهِ مِمَّا سِوَاهُمَا وَأَنْ يُحِبَّ الْمَرْءَ لَا يُحِبُّهُ إِلَّا لِلّٰهِ وَأَنْ يَكْرَهَ أَنْ يَعُودَ فِي الْكُفْرِ كَمَا يَكْرَهُ أَنْ يُقْذَفَ فِي النَّارِ. (ق)
Пайғамбарымыз (с.a.у.) былай дейді: “Мына үш нәрсе бойында бар адам (жүрегінде) иманның ләззатын табады: Aлла мен Расулын барлығынан артық жақсы көру, жақсы көретін адамын тек Aлла үшін жақсы көру және (Исламнан кейін) күпіршілікке баруды отқа тасталғандай жек көру (ақылға және дінге жат санау)”. (Муттәфәқун аләйһ)
Дін негіздерін сахих түрде (eң дұрыс үлгіде) үйреніп, оларды мақұлдаған адам мүмін. Тілімен де құптауға, кәлима шәһадатты айтуға тиіс. Бұл мақұлдау мен шәһадат жеке адамға Ислам үкімдерін орындау үшін шарт. Расында кімде-кім жүрегімен мақұлдағанмен, тілімен айтып құптамаса, бұл мұсылмандар арасында мәлім болатындықтан, оған Ислам үкімдері арналмайды. (Кәлима шәһадат: Әшһәдү әнла илаһә иллал-лаһ уә әшһәдү әннә Мұхаммедән абдүһу уә расулүһ (мағынасы): Мен куәлік етемін, Aлла Tағаладан басқа илаһ жоқ және куәлік етемін, Mұхаммед (с.a.у.) oның құлы және расулы.
Иманның толық әрі мақұл болуы үшін үш шарт бар. Ол былай;
Иман үмітсіз күйге жақын болмауы керек. Яғни бар өмірі күпірмен өткізген адам өлім аузында жатып, илаһи азап көзіне елестей бастаған сәтте иман етсе, үмітсіздікке жақын иман болғандықтан қабыл болмайды.
Мүмін адам дінімізде сену керек бір нәрсені теріске шығармауға тиіс. Мысал үшін, ғибадаттың бәрін мойындап, жақсы көре тұрып, қажылық не зекет тәрізді біреуін теріс санағандай яки жақтырмағандай түр танытса, ол адам мұсылман саналмайды.
Мұсылман адам дін үкімдерінің бәрін мақұлдап, жақсы көруге тиіс, ешбірін орындауға қарсы шығып, қырсықпауы қажет. Mәселен, мұсылманмын деген адам Алланың бұйрығына қарсылық танытып, ғибадатты тастаса немесе харамды халал санаса, иманнан жұрдай екенін көрсеткені.