Ізгі, тақуа адамдардың жанында жүргенде адам өз-өзін анық көре бастайды.
Олардың шынайылығы – сенің әлсіз тұстарыңды байқатады.
Тәртіптілігі – өз жалқаулығыңды сездіреді.
Кішіпейілдігі – ішіңдегі тәкаппарлықты ашып қояды.
Мұндай ашылу кейде ауыр тиеді, жүрекке батады. Бірақ сол ауырлықтың өзі – мейірім. Ол адамды сындырмайды, керісінше тазартады.
Иман жолында сенен алда жүрген адамдармен бірге отырсаң, не өсесің, не қайтадан өзіңе ыңғайлы жеңіл өмірге қашасың.
Шынайы орта сені жай мақтамайды — сені тәрбиелейді, шыңдайды.
Егер олардың жанында өз кемшіліктеріңді байқап жатсаң, қашпа!
Қал!!!
Өйткені дәл сол өкініш — өзгерістің бастамасы.
Хазіреті Баязид Бистами (қ.с.)