ПАВЛОДАРДА XV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫНА ІРІКТЕУ ӨТКІЗІЛДІ

ПАВЛОДАРДА XV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫНА ІРІКТЕУ ӨТКІЗІЛДІ

1
2 мин
ПАВЛОДАРДА  XV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫНА ІРІКТЕУ ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін Павлодар қаласындағы «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Павлодар облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен XV Республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу жарысына қатысушыларды іріктеу сайысы өткізілді.

Рухани додаға қала аудан мешіттері мен медресе-колледж шәкірттері және жамағат өкілдері қатысты.

Сайыс басталар алдында әділқазылар алқасы қатысушыларға жарыс ережесі мен бағалау тәртібін қайталап түсіндірді.

Іріктеу сайысын Павлодар облысының бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы ашып, қариларға сәттілік тіледі. Бас имам өз сөзінде Құран Кәрімнің адам жүрегіне тыныштық сыйлайтын қасиетіне тоқталып, Құранды жаттап, оны өмірлік ұстанымына айналдырған қарилардың қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті.

Бас имам сондай-ақ Құранды шебер оқитын қарилардың дәрежесі туралы Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисін келтіріп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бір күнге созылған рухани додада 30-ға жуық қари бақ сынап, Құран Кәрімнің 10, 20 және 30 парасы және мәнерлеп оқу аталымдары бойынша өзара сынға түсті.

Жарыстың қорытындысы бойынша үздік деп танылған қарилар ақшалай сыйлықтармен және арнайы дипломдармен марапатталды. Әр аталым бойынша бірінші орын иегерлері Павлодар облысының намысын қорғап, XV Республикалық Құран жарысына қатысуға жолдама алды.

Марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген облыс бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы жеңімпаздарды арнайы құттықтап, Құранға қызмет етудің ең абыройлы амалдардың бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар республикалық кезеңге жолдама алған қариларға сәттілік тілеп, олардың елорда абыройын асқақтатып, қасиетті Құранның мерейін үстем етеді деген сенімін білдірді.

2.jpeg

3.jpeg

4.jpeg

5.jpeg

6.jpeg

7.jpeg

8.jpeg

9.jpeg

10.jpeg

11.jpeg

12.jpeg

13.jpeg

14.jpeg

15.jpeg

16.jpeg

17.jpeg

18.jpeg

19.jpeg

20.jpeg

21.jpeg

22.jpeg

23.jpeg

24.jpeg

25.jpeg

26.jpeg

27.jpeg

28.jpeg

 

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс