ПАВЛОДАРДА МАҢЫЗДЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

ПАВЛОДАРДА МАҢЫЗДЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

25
1 мин
ПАВЛОДАРДА МАҢЫЗДЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Павлодар облысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлы баяндамасында көрсетілген тапсырмасы бойынша «Медиация орталығы», «Билер алқасы» және ҚМДБ өкілдігі арасында ынтымақтастық меморандумы бекітілді. Бұл бастама қоғамдағы дау-дамайды сотқа жеткізбей, бітімгершілік жолмен шешуді дамытуға бағытталған.

Жаңа әріптестік аясында медиация заң талаптарына сай дауларды реттесе, билер алқасы ақсақалдар сөзімен тоқтам жасайды, ал мешіттер рухани құндылықтар арқылы татулықты нығайтады. Осылайша дәстүр мен заманауи құқықтық жүйе ұштасып отыр.

Өңірде имамдар да бұл іске белсенді қатысып, жанжалдарды «медиативтік келісім» арқылы заңды түрде шешуге атсалысуда. Меморандум шеңберінде өткен семинарда бітімгершіліктің тиімділігі айтылып, оның уақыт пен қаржыны үнемдейтіні, әрі екі тараптың да мүддесін ескеретіндігі атап өтілді.

Мамандардың пікірінше, рухани келісім мен құқықтық реттеу қатар жүрген жерде қоғамдық бірлік те нығая түседі.

8ddf4870-5323-4152-a2ed-d42aa62b6489.jpeg

27fb4c5f-6d05-446f-8dac-791c8204af3a.jpeg

543f0843-02d6-4dd1-98b8-379764b6b32b.jpeg

91154f3e-4724-48a9-b6e4-e2e3e67504e0.jpeg

2ec89148-08c1-4aa5-86f1-af116f95b3db.jpeg


  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс