Павлодар қаласы, «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің ауласында киіз үй тігіліп, Наурыз мерекесі қарсаңында ашылу салтанаты өткізілді. Киіз үйде ҚМДБ, Павлодар облысы өкілдігінің «Әйел-қыздар» секторы және «Қазақ аналары дәстүрге жол» жобасының ұйымдастыруымен «Ислам және отбасы» құндылығы жылы аясында «Аналар шаңырағы» өз жұмысын бастады.
«Аналар шаңырағының» мақсаты - отбасы құндылығын насихаттау және осы бағытта әртүрлі іс-шаралар өткізілетін болады.
Шаңырақтың ашылу рәсіміне бас имам Жолдас қажы Қоспақұлы қатысып, батасын берді.
Сонымен қатар, қазақ ұлтының тұсаукесер рәсімі көрсетілді.
Сондай-ақ, ақ жаулықты аналарымыз бірыңғай ұлттық киім мен ақ кимешек киіп,орталық алаңда салтанатты шерумен жүріп өтті.











