ОБЛЫС БАС ИМАМЫ БАЯНАУЫЛ АУДАНЫНДА

ОБЛЫС БАС ИМАМЫ БАЯНАУЫЛ АУДАНЫНДА

4531
1 мин
ОБЛЫС БАС ИМАМЫ БАЯНАУЫЛ АУДАНЫНДА

ҚМДБ, Павлодар облысының өкіл имамы Бертымұратов Жолдас Баянауыл ауданына арнайы іссапармен барды.

Облыс бас имамы бірінші кезекте шалғайдағы Теңдік аулында болып, бұл ауылда салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысы барысымен танысты. Мешітті ауылдың белсенді азаматтары және ауыл халқы өз қаражатымен салып жатыр. Халықтың бір ауыздан ұйғаруымен мешіті «Қаныш ата-Ғабдулғани» мешіті деп аталмақ. Бұйырса алдағы жазға салым мешіт құрылысы толықтай аяқталып, жамағатқа есігін ашады деп күтілуде. Өкіл имам мәдениет үйіне жиналған ауыл халқымен кездесу өткізіп, оларға ҚМДБ-ның құрылуының 35 жылдығы, осы ұйымның 2024 жылы атқарған іс-қызметінің есебі, жалпы ел бірлігі, татулығы, жастарды жат ағымдардан сақтандыру бағытында уағыз-насихат айтып, сұрақтарға жауап берді.

Облыс бас имамы келесі кезекте Сатпаев аулы мешітінде жамағатпен кездесіп, жоғарыдағы бағытта үгіт-насихаттар айтты.

Келесіде Құндыкөл аулындағы жаңадан салынып жатқан мешіт құрылысының барысымен танысып, мәдениет үйінде ауыл халқымен кездесті. Кездесуде дін мен дәстүр, оның маңыздылығы мен қажеттілігі туралы кеңінен әңгіме өрбітіп, халықтың сұрақтарына жауап берді.

Іссапар берекелі де нәтижелі болып өтті.

1.jpg

2.jpg

3.jpg

4.jpg

5.jpg

6.jpg

7.jpg

8.jpg

9.jpg

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс