Қалалық «Бижан» мешітінің бас имамы Бейсенбин Ербол Қасенұлының бастамасымен мешіт жамағаты Құран Кәрімді толық оқып хатым дұғасын жасады.
Дұға жасау шарасына 40 шақты жамағат қатысты.
Оқылған Құранның сауабы мешіттің құрылысына үлес қосқан, мешіт қызметінде болған, мешітке жанашыр болған марқұмдарға бағышталып, отанымыздың амандығы мен өркендеуін бас имам Ербол дұғада тіледі.
Бижан мешітінің ұстазы Ақбас Нұрислам Юсупұлы "Құран жүректердің шипасы" тақырыбында жамағатқа уағыз-насихат айтты.
