Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Жұманазар Өсерханұлы Баянауыл ауданында орналасқан Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кесенесін зиярат етті.
Бас имам ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы, асыл дінімізді насихаттауға өлшеусіз үлес қосқан Мәшһүр Жүсіп ғұламаның рухына Құран бағыштап, дұға жасады.
Зиярат барысында арнайы құрбан шалынып Жаратқаннан жұртымыздың амандығы мен тыныштығын тіледі.








