«Ғаламның ұлы ұстазы Пайғамбар (с.ғ.с)» атты рухани кеш Павлодар қаласындағы Қанат Әбусейітов атындағы мәдениет орталығында өтті.
Жүргізуші белгілі айтыскер, ақын Қуаныш Шарманов.
Жылдағыдай «Әбу Бәкір сыддық» медресе - колледж шәкірттері Мәуліт оқыды. Салауат айтылды.
«Сарыарқа» триосы Пайғамбарымыз (с.ғ.с)-ға арнап салауат айтып, имани әндер шырқады.
Шара барысында биыл жамағатына айқара есік ашқанына 25 жыл толып жатқан «Мәшһүр Жүсіп» мешіті туралы «Арқа өңірінің рухани темірқазығы» атты кітап пен «Муфтият» баспасынан шыққан Наурызбай қажы хазіреттің «Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) мәулітін атап өтудің шариғи дәлелдері» атты кітаптары белсенді жамағат өкілдеріне таратылды.
Сонымен қатар «Муфтият» баспасынан жарық көрген кітаптардың жәрмеңкесі болды.
Рухани шараға жиналаған жамағат жақсы әсер, жақсы көңіл-күймен тарқады.








